Саясат • 09 Қараша, 2018

«РосАтом» бас директорымен кездесті

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ресейдің «РосАтом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

«РосАтом» бас директорымен кездесті

Кездесу барысында корпорациямен ынты­мақтастықты одан әрі жалғастыру және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайда­лану, уран өндіру және байыту, жел энер­ге­тикасы, атом саласының техникалық база­сын жаңарту және түрлі инновациялық өнім­дер­ді өндіру саласындағы бірлескен жоба­ларды іске асыру мәселелері талқыланды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК мен «Рос­Атом» МК арасында атом энергиясын бей­біт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей–Қазақстан ынтымақтастығының кешен­ді бағдарламасы аясында өзара іс-қимыл жүзеге асырылып жатыр. Бұдан өзге, «РосАтоммен» ынтымақтастық «Үлбі металлургия зауыты» АҚ жұмысы және Қа­зақстан аумағында атом электр станса­сының нысандары бойынша бірлескен шараларды атқару аясында іске асырылуда.
«РосАтом» мемлекеттік корпорация­сы 2007 жылғы желтоқсанда құрылған, Ре­сей Фе­дерациясының жетекші көп­бе­йін­ді өнеркәсіптік холдингілерінің қа­тары­­на кіреді. «РосАтом» стратегиясы жел энергетикасын қоса алғанда, таза энер­­гия шығару жобаларын дамытуды көз­дейді.