Матчтың 18-минутында бұрыштамадан берілген допты қақпаға дәл бағыттаған Педро Энрике гол соғып, елордалық клубты алға шығарған болатын. 41-минутта чехиялықтар тепкен бұрыштама доп Бахтияр Зайнутдиновке тиіп, «Астананың» қақпасына еніп кетті.
Дегенмен, автоголға қарамастан, елордалықтар екпінін бәсеңдеткен жоқ. Матчтың 88-минутында Марин Томасовтан пас алған қорғаушы Евгений Постниковтың сол аяғымен тепкен добы қарсылас клуб қақпасының тоғыздығында тулап жатты.
Осылайша, 4 ойыннан кейін 8 ұпай жинаған «Астана» өз тобында көш басындағы орнын нығайта түсті.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»