Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы дер кезінде жарияланған және әлемдік қоғамдастықпен бір бағытта ел экономикасын жаңғыртуға арналған құжат болып табылады. Бұл Жолдау тек қана қазақстандықтарға ғана емес, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеуге мүдделі немесе қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторларға да бағытталып отыр, өйткені онда ішкі және сыртқы саясат мәселелері қатар көтерілген.
Шетелдік әріптестермен бірлескен инвестициялар қағидаты бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін шикізаттық емес секторда тікелей инвестициялар қорын құру Жолдауда айтылған басты идеялардың бірі болып саналады. Бұл бастама Қазақстан экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Үкіметтің қатысуы – жергілікті қазақстандық компанияларды дамытуға зор ықпалын тигізе алады.
Бұдан бөлек Жолдауда тағы бір маңызды элемент – адам капиталына инвестиция құю мәселесі орынды көтерілген. Өйткені елдің болашағы адамдардың әлеуетіне сай бағаланады. Қазақстанда соңғы 2 жыл бойына жұмыс істей жүріп, аймақта бәсекеге қабілетті маман табу мәселесімен жиі ұшырасамыз. Бұл қадам жергілікті нарықтағы білікті мамандар тапшылығын жоюға ықпал етеді деген ойдамыз.
Жолдауда әлеуметтік бастамалармен қатар, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау және Қазақстанның экономикалық саясатының негізі болып саналатын отандық брендтерді қалыптастыруға басымдық берілген.
Шахул Хамид бен Мохд ИСМАИЛ,
«Reach Energy» компаниясының Атқарушы директоры
(Малайзия)