Іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері мен әскери барлау органдарының өкілдері қатысты. Құрылған сәттен бастап барлау институты басшылық етудің тиімді жүйесін, оның жауынгерлік органдарының дұрыс ұйымдастырылған түрде құрылуын, әртүрлі жауынгерлік іс-қимылдарды қамтамасыз етуде олардың нәтижелі қолданылуына басымдық берді. Оған қоса ақпараттық технологиялардың дамуымен әртүрлі барлау түрлері санының ұлғаюы байқалуда.
– Тәуелсіздік жылдары ішінде Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылық етуімен Қарулы Күштер еліміздің берік қалқанына айналды. Бүгінде халықаралық шарттардың жойылуы, саяси тұрақсыздық, терроризм актілері, әскери іс-қимылдардың ақпараттық, кибернетикалық әдістері қолданылуынан әлемге елеулі қауіп-қатер туып тұр. Осы ретте әскери барлау мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жалпы құрылымында маңызды рөлге ие, – деді Қорғаныс министрі.
Сондай-ақ салтанатты шара барысында қорғаныс ведомствосының басшысы әскери барлау органдарын дамытуға үлес қосып жүрген барлау бөлімшелері әскери қызметшілері қызметінің күрделілігі мен маңыздылығын атап өтті. Қорғаныс министрі олардың кәсіпқойлықтарын сауатты басқару және шебер ұйымдастырумен ұштастыруда өз ісіне деген адалдықтарын атап өтіп, ардагерлерге ерекше ілтипат пен алғыс білдірді.
Іс-шара соңында анағұрлым ерекше көзге түскен офицерлер мен сержанттар ведомстволық медальдармен және бағалы сыйлықтармен наградталды.
Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»