Жоба 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Зауыт өндірістік қуаттарды тасымалдау бойынша 51 бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларының тізіміне енгізілген.
Үш жүзге таяу жұмыс орны бар зауыттың негізгі қызметкерлері жергілікті жерден болады. Бүгінге дейін шиелілік 48 түлек Қытай цемент зауыттарында өндірістік практикадан өтіп келді. Ал, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде 80 жас маман қытайлық инвесторлардың көмегімен даярлықтан өтіп болды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы