Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың «KK-KIUNSEN» компаниясының директоры Джон Енг Сун бастап келген делегациямен кездесуінде мәлім етілді. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы әңгіме болған басқосуда облыс әкімі қонақтарға өңірдің экономикалық әлеуеті жайында мағлұмат берді.
«Оңтүстік Кореяны жаңа технология, ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары дамыған ел ретінде білеміз. Болашақта аталған салаларда байланыс орнатып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсеміз деген сенімдеміз. Түркістан облысы кәсіпорындар ашып, кәсіпкерлік саласын дамытуға өте қолайлы аймақ. Сондай-ақ, өңірімізде жаңа жобалар құрып, жұмыс істеуге ниетті инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастылған», – деді Ж. Түймебаев.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Түркістан облысы