Қазақстан • 09 Қараша, 2018

«Шымбұлақ» жаңаша саяхат түрлерін ұсынады

1054 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шымбұлақ»  тау курорты оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына Samsung Electronics  компаниясымен бірлесіп, Shymbulak 360° жаңа нысандағы тосын-сыйларын ұсынады.  

«Шымбұлақ» жаңаша саяхат түрлерін ұсынады

Қолданыстағы кабиналарға қарағанда, жан-жақты ашық шолу кабинасы жолаушыларға қызықты көңіл-күй сыйлап, ерекше әсер алуға мүмкіндік береді. Кабинадағы мөлдір қабатты еден көркем шатқалдың үстінен жүзіп бара жатқандай әсер қалдырады. Фуникулерге «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолы арқылы отыруға болады.

Шет елдердегі атышулы аттракциондар, мысалы,  Чжанцзяцзе ұлттық саябағы мен Қытайдағы Хунань провинциясындағы бас айналдырар биіктікте орналасқан шыныдан жасалған аспалы көпірлер бүкіл әлем туристерін таңғажайыптарымен қызықтырып келеді. Ал олардың бейнебаяндары әлеуметтік желілерде кең таралып, көпшілікті ынтықтыра түсуде. Ендігі кезекте қазақстандықтар да мұндай көркем көріністер қолжетімді болады.

Samsung компаниясының президенті  Ун Чол Юн мырзаның айтуынша, Samsung барлық кеңістікте – үйде де, қала көшелері мен табиғат аясында да инновациялық мүмкіндіктерді сыйға тартады.  Жаңа саяхат түрлері алматылықтар мен туристерге естен кетпес саяхат сыйлайды.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ