Кеңес барысында ауыл шаруашылығы саласын қаржылық қолдау моделін жетілдіру мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» басқарма төрағасы Р. Құрманов негізгі бағыттар бойынша ұсыныстарын білдірді.
Мәселені талқылауға Премьер-Министрдің орынбасары Е.Досаев, Қаржы министрі Ә.Смайылов, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы, «ҚазАгро» ҰБХ директорлар кеңесінің мүшесі Б. Жәмішев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы А. Мамытбеков қатысты.