Қазақстан • 11 Қараша, 2018

Петропавлда жеңіл моторлы ұшақтар құрастырылады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінде өткен ХY өңіраралық ынтымақтастық форум аясында көптеген маңызды  меморандумдар қабылданды.

Петропавлда жеңіл моторлы ұшақтар құрастырылады

Сергей Ильюшин атындағы авиациялық кешені мен Қазақстан авиациялық зауыты бірігіп жеңіл моторлы  ұшақтар жасап шығару туралы  келісімге қол қойды.

«Халықаралық Booking.com компаниясының құрамында 117 мыңнан астам маман қызмет атақарады. Қызметі саналуан. «Виртуалды әлем идеясын туризм саласында қолдану» жобасын Петропавлда енгізуді көздеп отырмыз. Осында тәжірибемізбен бөлісіп,  бірнеше жаңа трендтер ұсындық», дейді «Booking.Com» ұйымының менеджері Әлібек Датбаев. .

С.Ильюшин атындағы авиациялық кешені мен Қазақстан авиациялық зауыты арасында қабылданған меморандумға сәйкес жеңіл ұшақтар құрастырылатын болады. Кәсіпорынның іргетасы келесі жылы қаланып, бір жыл ішінде бой көтереді. ИЛ 130 М деп аталатын бұл әуе көлігі 1963 жылы сертификатталған екен.

С. Ильюшин атындағы авиациялық кешені» АҚ-ның бас директоры Алексей Рогозинның айтуынша, жеңіл моторлы ұшақтар көптеген бағыттарда қолданылады.  Таулы аймақтар үшін өте ыңғайлы. Кез келген жерлерге ұшып, қона алады.

«Қазақстан авиациялық зауыты» ЖШС-нің бас директоры Виктор Долженков меморандумға сәйкес жеңіл моторлы ұшақтар Петропавл қаласында шығарылатынын жеткізді. 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан