Қазақстан • 11 Қараша, 2018

Теміртау қаласында конверторлы цехтың газ құбыры жарылды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал» АҚ аумағындағы конверторлы цехтың сыртқы жағындағы газ құбырынан өрт шықты, ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Теміртау қаласында конверторлы цехтың газ құбыры жарылды

Комитет хабарлауынша, мекемеде газ құбырын салқындату жұмысы жүргізіліп жатыр. Өрт салдарынан оттегі цехынан өтетін 3 құбыр бұзылған, сонымен бірге конвертерлік цех қабырғасы бүлініп, газ құбыры жарылған.

10 қараша күні 19:53-те Төтенше жағдайлар комитетіне газ құбыры өртеніп жатқаны туралы ақпарат келген. 22:21-де өрт толықтай сөндірілді.

Өрт сөндіру жұмысына 41 адам мен 10 арнайы техника жұмылдырылған. «Комбинаттың жұмысшылары газ жіберу қызметін тоқтатты», делінген комитет хабарламасында. Өрттен зардап шеккендер, көз жұмғандар жоқ. Үш адам дәрігер тексеруінен өтті.