Қызылорда облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудағы және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы жетекші партияның рөлін айтып өтті.
«Нұр Отан» партиясы мыңдаған қазақстандықтарға көмек көрсетіп, Мемлекет басшысының нақты жобалары мен бастамаларын жүзеге асырып келеді. Бүгінде осы мақсатта партияның Орталық аппараты партия қызметін жаңғыртып цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған 20-дан астам әлеуметтік, стратегиялық, бастамашыл жобаларды қолға алды. Бұл бағытта біздің облыстағы цифрландыру аясында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы коммуналдық қызметтерді қосуға, техникалық шарттарды беру бойынша геоақпараттық онлайн сервис (geoservice.geoportal.kz) жұмысы республика бойынша үлгілі жоба ретінде атап өтіліп, Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасына таныстырылды, деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ