Қазақстан • 14 Қараша, 2018

Шығыс Қазақстан облысында 655-тен астам ІТ сыныптар іске қосылады

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Семей қаласының қазіргі әлеуметтік жағдайына облыс әкімі Даниал Ахметов жақсы баға беріп отыр. Тіпті Семейді Қазақстандағы ең көрікті қала қатарына қосамыз дейді облыс басшысы.

Шығыс Қазақстан облысында 655-тен астам ІТ сыныптар іске қосылады

- Біздің Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы мемлекеттік медицина университетінде ең үздік дәрігерлер, мамандар даярланады деп айта аламын. Еліміз бойынша  Шығыс өңірде ғана бүкіл медицинаны халықаралық стандартқа сай жабдықтап отырмыз. Бұл дегеніміз адамдар үшін жасалған өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Тұрғындар жағдайларының жақсарғандығын әрдайым сезінетін болады. Тіпті осы Семейдегі  Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жаңа жылдан бастап операция жасайтын гибридті зал жұмыс істейді. Бұндай операция жасайтын зал ТМД елдерінде де, Ресейде де жоқ. Біздің адамдар операция жасау үшін енді Ресейге ағылмайды. Керісінше Новосибирскі қаласындағылар бізге қарай ағылатын болады. Аягөз қаласында инсультты орталық ашып, ол жақта ең жоғары деңгейлі перзентхананы іске қостық. Зырян қаласында, қазіргі атауы Алтай, ол жақта да осылай екенін атап өткім келеді. Ал енді білім саласына келсек, «Нұр Отан» партиясының съезінде 2020 жылға дейін еліміз бойынша 1000 ІТ сыныптар ашылуы керек деген тапсырма берілді. Біздің облыста әр мектеп бойынша толықтай жабдықталған ІТ сыныптар бар. Олардың деңгейі жоғары, біз робототехника сыныптарын бағдарлау сыныптарымен біріктірдік. Егер түптеп келгенде біз осы ІТ сыныптарды жаңдан орнатсақ, онда біз бағдарламасының франзишасына 2,7 миллиард теңге төлеуіміз тиіс еді. Бірақ, біздің Семейдегі электротехникалық колледж ұжымы бұл бағдарламаны өздері жасап шығарды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл бастаманы бекітті. Сондықтан біз қаншама қаражатты үнемдеп қалдық. Сөйтіп ІТ сыныптар үшін қажетті бағдарламаны 52 миллион теңгемен қамтыдық. Енді міне, келер жылы ШҚО 655 мектебінде ІТ сыныптар толық жұмысқа кіріседі. Семей қаласының әр тұрғыны экономика көтеріліп келе жатқандығын білуі керек. Қала бойынша осындай аулаларда 4 мың бейнекамера қоямыз. Тіпті Еуропаның көптеген қалаларында мұндай жаңашылдық жоқ. Қаланы көріктендіріп, шет аудандарының инфрақұрылымын қалыпқа келтіреміз, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Облыс әкімінің айтуынша, Полковничий аралы, ендігі атауы Бейбітшілік, экологиялық саябаққа айналмақ.

- Аралға келер жылы көпірдің іргетасы салынады. Мұндай дүние Өскемен қаласында да қолға алынған. Олардыкі мамырдың 1-іне дейін дайын болады. Ал сіздердікі қыркүйекке дейін жасалуы тиіс. Осылайша семейліктер үшін спортпен айналысып, демалатын тамаша орын пайда болмақ. Мен Семейдегі жұмыс орындарын да қадағалайтын боламын. Семей еліміздергі ең мықты қалаға айналуы тиіс,-деді Д.Кенжетайұлы.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,

СЕМЕЙ