Әдебиет • 14 Қараша, 2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

627 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбеде Президент кеңсесінің бастығы - «ҚР Тұңғыш  Президенті - Елбасы кітапханасы» ММ директоры міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушы жастарымен кездесті.

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

Кездесу барысында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ кітапханасына Елбасы кітапханасының 350-ден астам кітабы сыйға тартылды. Олардың ішінде Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері, Тұңғыш  Президенттің 1990-2016  жылдар арасындағы қызметінің хроникалары, мемлекет басшысының ресми өмірбаяны, қазақстандық және шетелдік авторлардың Елбасы туралы кітаптары, қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени тақырыптардағы өзекті әдебиеттер бар.

Аталмыш шаралар ҚР Тұңғыш  Президенті - Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы аясында өтті. Оған ауқымды ғылыми-білім беру, сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялар кіреді.

- Жоба 2017 жылы қараша айында Алматыда бастау алды, кейін өз жұмысын осы жылдың ақпан айында Шымкентте жалғастырды. Қыркүйек айында Атырауда табысты өтті. Көрмемен ендігі 350 мыңнан астам танысты. Біз экспозияларды толықтырып, Ақтөбеге келдік, мұнда мен 85 жылдық тарихы бар, еліздегі беделді университетке соқпай кете алмадым. Мұнда студенттердің сапалы білім мен жақсы тәрбие алулары үшін барлық жағдай жасалғанын көріп тұрмын,-деді кездесуде Махмұд Қасымбеков.

Көрме жобасының мақсаты - тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын, саяси мәдениетінің тарихи эволюциясын және осы үдерістердегі Елбасының теңдессіз рөлін сипаттайтын деректерді ұсыну.

Жобаның негізі Елбасы кітапханасынан жиналлған қор көрмесі болып табылады. Жинақталған, жүйеленген архивтік, кітап, жәдігерлік кешендер Тәуелсіздігіміздің тарихын, Қазақстанда Президенттік институттың қалыптасуы мен даму бойынша бірегей зерттеу, талдау, мәдени-ағартушылық, білім беру, ақпараттық алаңды жасақтайды.

Ақтөбе облысының жалпақ жұртына арналған көрме сарапшылар қоғамдастығы, ғалымдар, мәдениет және білім беру салалары мамандары кездесетін өзіндік форумға айналмақ.

Көрме 2019 жылғы қаңтар айының соңына дейін жалғасады.