Жалпыхалықтық диктант жазылды

Кеше Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ тілі емлесінің  негізгі ережелері жобасының» практикалық тұрғыда іске асырылуын бақылау мақсатында жалпыхалықтық диктант өткізді.

 
Егемен Қазақстан
15.11.2018 1984
2

Осыған орай Астана қала­сындағы жоғары және орта  арнау­лы оқу орындарының, мектеп­ке дейінгі мекемелердің, мектеп­тердің оқушылары, сту­дент­тері, ұстаздары, сонымен қатар мәдениет, спорт, медицина, коммуналдық шаруашылық, энергетика және басқа да сала­лар­дың қызметкерлері латын графикасында диктант жазды. Шараға 15 жастан жоғары азаматтар қатысты.  

Бекітілген диктант мәтіні аудио­жазбалар арқылы тараты­лып, «Шалқар», «Қазақ» радиоларынан берілді. Ұзақтығы 30 минут­қа созылған шара арнайы бел­гі­ленген орындарда жүргізілді.

«Бүгін еліміз бойынша тарихи сәт деуге болады. Елбасымыздың бастамасымен қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі қазіргі таңда практикалық тұрғыдан іске асуда. Үкімет басшысының тапсырмасымен бүкіл еліміз бойынша бүгін жалпыхалықтық диктант өтті. Астана қаласы бо­й­ын­ша осы шараға қатысуға ниет білдіргендердің саны 50 мыңнан асады. Жер-жерлерде жаз­ылған диктант жұмыстарын біз алып, жинақтап, олардың қан­ша­­лықты емле-ережеге сай жазылғанын тексереміз. Содан кейін әрқайсысына тиісті бағалар қоямыз. Бұл жердегі негізгі мақсат – Елбасымыз бекіткен алфавиттің соңғы нұсқасына орай Тіл комитеті жасаған емле-ереженің жобасын халықпен бірге талқылау. Өйткені осы диктант жазу арқылы келіп түскен жұмыстарға сүйене оты­­рып халық әріптерді қалай қабыл­дады, мәтін жазған кезде көбіне қандай қателіктер кетеді, қандай мәселелерге мән берген дұрыс деген сұрақтардың жауабын ала аламыз. Сөйтіп, мұны Тіл комитетіне жі­береміз. Олар рес­пуб­лика бойынша жи­нақталған мәлі­мет­терді сарап­тап, өздерінің қоры­тын­дысын шығара­ды», деді Астана қа­ласы Тілдерді да­­мыту және архив ісі басқарма бас­шы­сы­ның орынбасары Сәкен Зиябекұлы.

Арнайы орындарға келіп қатыса алмайтын тұлғалар үшін диктантты emle.kz, tilalemi.kz сайттарының басты бетінде орналасқан сілтемемен  компьютер немесе ұялы телефон арқылы кіріп, белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып жазуға мүмкіндік берілді.

«Рухани жаңғыру» тақы­ры­бын­­да болған диктантқа қатыс­­қан Астана қаласының тұр­ғы­ны Ақұлан Өсерұлы латын әліп­­­биімен жазу аса қиындық ту­дырмағанын тілге тиек етті. 

«Күнделікті әлеуметтік желі­лер­­ді пайдаланғанда латын графикасын қолданамын. Сол се­беп­­­­ті айтар­лықтай қиындыққа  кезікпедім. Егер адамда үйренемін деген шынайы ниет болса, онда кез келген нәрсені игеріп алуға болады. Мұның ішіндегі бірнеше әріптерді жақ­сы­л­ап еске сақтап алсаңыз, қал­ған­дары қиындық тудырмайды. Мен латын әліпбиіне кө­шуді қолдаймын. Себебі көр­ші Өзбекстан елі латынға көшіп, бір­шама ілгері істерге қол жеткіз­гендігін байқап отырмыз. Бұл ме­нің ойымша өзге елдердің қазақ әдебиетін, мәдениетін неме­се төл туындыларымызды оқу­ға жаңа серпін береді. Жас­тар жағы жаңа әліпбиге өтуде кедергілерге кездеспейді деп ойлай­­мын. Ал егде жастағы адам­­дарға әліпбиді үйретудің әр­түр­лі жолдарын қарастыру қажет. Себебі адамның жасы ұл­ғайған сайын оның есте сақтау қабі­леті де нашарлай түсетіні бел­гілі. Сондықтан олар жаңа әліпбиді тез игеру үшін ойын түрінде немесе түрлі жаттығу жасау әдістерін пайдаланған жөн», дейді ол.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу