15 Қараша, 2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

310 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарды қолдады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Сомали мен Эритреяға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы болды, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Африканың мүйісінде, соның ішінде Эритрея, Эфиопия, Джибути және Сомали елдеріндегі теңдессіз оң өзгерістерді атап өтті. Үстіміздегі жылдың маусым айында бүкіл әлем Эритрея мен Эфиопия арасындағы тарихи татулыққа куә болды – екі елдің басшылары саяси ерік-жігер танытып, 80 мыңнан астам адамның өмірін қиған 20 жылдық қарсыласуын тоқтатты.

Бұл оқиға 10 жыл ішінде аумақтық қақтығыстарға орай бөлінген Эритрея мен Джибути арасындағы жақындасу және жоғары деңгейдегі алғашқы байланыстарға жол берді. Екіжақты келісімдермен қатар Эритрея, Эфиопия және Сомали саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға және өңірлік бейбітшілікті, қауіпсіздікті және дамуды ынталандыру жөніндегі күш-жігерлерін орнатуға келісті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Қ.Омаров Африканың мүйізі елдері өңірлік проблемаларды шешуге күшті адалдығын және қабілеттілігін көрсеткенін атап өтіп, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық өңірдегі оң өзгерістерге қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы баса айтты.

«Өңірдегі бейбітшілік өңірлік көшбасшылардың батыл шешімдерінің нәтижесі болды. Бұл ұзақ созылған шиеленістердің, қақтығыстар мен бәсекелестіктің дәуірінің аяқталуын көрсетеді және бейбіт, өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа дәуіріне жол ашады», - деді Қазақстан елшісі.

«Дипломатия, делдалдық, сенімді нығайту және диалог, дамудағы инвестициялармен қатар елдер арасындағы даулы мәселелерді шешудің сенімді жолы болып табылады. Біз Джибути мен Эритрея арасындағы өзара іс-қимылды қолдаймыз және оларды екіжақты қарым-қатынастарда қалған мәселелерді шешу үшін одан әрі күш-жігер жұмсауға шақырамыз», - деп қосты Қ.Омаров.

Қазақстан Эритреяға қарсы санкцияларды алып тастау туралы шешім үшін дауыс берген кезде, өзінің Африкада бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнатуға деген ұмтылысын басшылыққа алды. Еліміздің Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысының осы бағыты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне өзінің саяси жолдауында анықтаған 7 басымдықтарының бірі болды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сомали және Эритреяға қатысты санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы ретінде Қазақстан Эритреядан санкцияларды алып тастау туралы Кеңес мүшелерінің шешіміне елеулі үлес қосты. Эритреяның халықаралық оқшаулану жылдары бұл елдің ресми тұлғалардың осы жылдың қыркүйек және қазан айларында Нью-Йоркте санкциялық комитеттің төрағасымен алғашқы байланыстармен аяқталды. Қазақстанның Эритреямен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігері осы елге қарсы 9 жылдық санкциялар режимі аяқталуының маңызды алғышарты болды.

Қазақстандық делегацияның санкциялық комитеттің басшысы ретінде атқарған жұмысының қорытындылары Қауіпсіздік Кеңес мүшелерітарапынан  жоғары баға ие болды. Отырыс барысында Эритрея мен Джибути делегациялары Қазақстанға өңірдегі тұрақты бейбітшілікті орнатуға толыққанды қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Эритреяға қарсы санкциялар 2009 жылы енгізілген болатын.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған қарарға қару-жарақ эмбаргосын алып тастау, жол жүруге тыйым салуды, активтерді тоқтатуды және мақсатты санкцияларды жою кіреді.