16 Қараша, 2018

Өңірлер ынтымағы нарықты кеңейтеді

417 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Амандық Баталов бастаған Алматы облысының делегациясы Қостанай облысында болды. Делегация алдымен Қостанайдың соңғы жылдардағы жетістік­тері – Индустриялық аймақты, «Баян сұлу» кондитер фабрикасының жаңғыртылған цехтарын, «СарыарқаАвтоПром» машина жасау зауытын және бірнеше спорт нысанын аралап көрді.  

Өңірлер ынтымағы нарықты кеңейтеді

Қонақтар «Сарыарқа­Авто­Пром» зауытында бол­ған­да Алматы облы­сының әкімі А.Баталовқа Талды­­­­қор­ған­­­­­да­­­ғы бала­­­лар үйі үшін «Peugeot 301» машина­сының кілті табыс етілді. Алматы облысының әкімі қостанайлық зауытта құрас­тырылып жатқан автобустар мен жүк машиналарына қызығушылық білдірді. 

– Біз жүрдек машиналарды шетелдерге шығарып жа­тыр­мыз. Биыл 11 мың ма­шинаны сапқа қоямыз, ке­ле­сі жылы бұл көрсеткіш екі есе көбейетін болады. Кәсіп­орында бір мың адам жұмыс істейді, орташа жалақысы − 125 мың теңге. Алдағы уа­қытта жалақыны өсіру ойда бар. Экспорт көлемі биыл 7 пайызға артты, – деді «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар ке­ң­е­сінің төрағасы Андрей Лаврентьев. 

Екіжақты кездесуде Қос­­­та­н­­ай облы­­сының әкімі Архимед Мұхам­бетов Қос­танай облысы мен Ал­маты облысының арасындағы эко­но­­микалық байланыс нығая түскенін атап өтті. Мысалы, өткен жылы Алматы облысына Қостанай өңірінен жіберілген өнімдер құны 9 миллиард теңгеден асқан. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп. Сондай-ақ жетісулық бизнес өкілдерінің Қостанайға артқан өнімі де осы шамалас болады. 

А.Мұхамбетов ынтымақ­тасып от­ырған екі облыс та шекаралық өңір екенін атап айтты. Алматы облысы Қытаймен, Қостанай Ресей­мен шектеседі. Мұның өзі екі облыс­тың да нарығын кеңейте түседі. Бұл қос об­лыстың меморандум бо­йынша ин­вестиция салуына қолай­­лылық туғызады. Архимед Беге­жан­ұлы Ре­сейге инвестиция сала­тын алматылық кәсіпкерлерге Қо­­с­танай­да өздерінің өкіл­дігін ашуына ұсы­ныс жасады. Тобыл-Торғай өңі­рі­нің жетісулықтарға ұсынары да жеткілікті.

– Біз өзіміз­де құ­­рас­­ты­р­ы­­лып жат­қан машиналар мен тракторлар, комбайн­дар мен басқа да ауыл­шар­уа­шы­лығы техникаларын­ бе­ре аламыз. Осы жылы Руд­ный қала­сын­да қуатты заманауи цемент зауы­ты іске қосылады, сіздерге Қы­таймен шекарадағы жаңадан салы­нып жатқан Нұркент қала­сы­ның құрылысы үшін оның өнімін арт­тыруға әбден болады, – деді А.Мұ­хамбетов. Сонымен қатар Же­тісу­дың әсем табиғатын көруге, кө­рік­­ті жерлерін аралап, демалуға қостанай­лықтардың ынталы екені айтылды.

Ал Алматы облысының әкімі А.Баталов өзінің өскен жері − Қос­танай облысының көркейгенін көріп қуанғанын жасырмады. Же­тісулық делегация Қостанай қала­сындағы мемлекет-жекеменшік әріптестігімен салынған құ­ры­лыс­тар, тұрғын үйлер және қаланы көркейту жұмыс­та­рынан озық тәжірибе де алу­ды ұйғарды. Әрине, ірі мегаполис − Алматы қаласы тұрған облысты Қос­танай өңірімен сал­ыс­­ты­р­у­­ға бол­майды. Оларда 6 индустриялық ай­мақ бар, ал Қостанайда біреуі енді салынып жатыр. Бірақ А.Баталов инвестиция тарту жөнінен Қостанай облысының ал­ға кет­­кенін мойындады. Қос­танайдағы индустриялық аймақтың инвесторлар үшін сонша­лық­ты қолайлы етіп салынып жат­қанына жоғары баға берді. 

Жетісулық әріптестер қос­танай­л­ық инвесторларға жер телімін беруге уәде етті. Талдықорған қа­ласында «Баян сұлу» кондитер фаб­ри­­­ка­сы­ның сауда павильоны сал­ы­натын болады. Демек, «Баян сұлудың» сапалы өнімі Қазақстанның оңтүстік, шы­ғыс аймақтарына шығарылуы үшін мол мүмкіндік туады. 

– «Баян сұлу» кондитер фабри­ка­сы үшін қантты да өзіміздегі зауыт­тан береміз. Жетісулықтар қант қы­з­ыл­шасының алқаптарын кеңей­тіп, өнімділік үшін де заманауи тех­нологияларды пайдаланып жатыр. Қы­зылша алқаптарындағы жұмыстарға Қостанайда құрас­тырылған «Беларусь» тракторын пай­даланатын боламыз, – деді А.Баталов. 

Қос облыстың әкімдері ынтымақ­тастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Онда көрсетілген негізгі жұ-м­ыс бағыттарын нақтылай түсу үшін екі облыс әкім­дерінің орынбасарларына тапсырма берілді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше