Күрес • 17 Қараша, 2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

538 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада  13-16 қараша күндері «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеге еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы қатысты, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі. 

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

Нәтижесінде, Қазақстанның жекелей Чемпионатында Алматы облысының дзюдошылары 4 алтын, 1 күміс  және 1 қола медальмен жалпы командалық медаль кестесінде көш бастады. Ал Маңғыстау облысының құрамасы 3 алтын, 2 күміспен екінші орынға  жайғасса, Қызылорда облысының құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдемен үздік үштікті қорытындылады.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстанның аралас командалық Чемпионаты өтті. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес дзюдошылар  аралас  командалық сайыста бір командада 6 салмақ дәрежесі (әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг, ал ерлер -73 кг, -90 кг және +90 кг) бойынша белдесті. Аралас командалық сайыста Атырау облысының құрамасы жеңімпаз атанса, Ақмола облысының татами шеберлері күміспен күптелді. Ал Жамбыл облысы мен ШҚО дзюдошылары қола жүлдені қанағат тұтты.

2018 жылғы дзюдодан Қазақстан Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесідей:

- 48 кг

Абиба Абужақынова (Алматы облысы)

Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)

Ұлдана Сайыл (Шымкент қаласы)

Cалтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)

- 52 кг

Әйгерім Әбілқадірова (Астана қаласы)

Ақжол Қайыпхан (Атырау облысы)

Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)

3.Айдана Бугылбаева (ШҚО)

-57 кг

1. Анна Казюлина (Маңғыстау облысы)

2. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)

3. Гүлназт Нұрдинова (Алматы облысы)

3. Аида Карчаева (Жамбыл облысы)

-63 кг

1. Ақниет Тұрдан (Маңғыстау облысы)

2. Назгүл Құбашева (Атырау облысы)

3. Алтынай Хаби (Астана қаласы)

3. Иоланта Бердибекова (Алматы қаласы)

-70 кг

1. Аэлита Щербакова  (Алматы облысы)

2. Мөлдір Нарынова (Алматы облысы)

3. Зере Бектасқызы (ШҚО)

3. Екатерина Токорева (Қарағанды облысы)

-78 кг

1. Райфова Зарина (Алматы қаласы)

2. Назерке Тілеуханова (ШҚО)

3.Маргарита Гриценко (Қостанай облысы)

3. Эльмира Самиголлаева (Атырау облысы)

+78 кг

1. Камила Берліқаш (Алматы облысы)

2. Саида Капсалякова (Атырау облысы)

3. Әбубәкір Меруерт (Қызылорда облысы)

3. Қымбат Тұршабек (Қызылорда облысы)

 

Ерлер:

-60 кг

Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)

Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)

Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)

3.Нұр Аманшүкіров (Жамбыл облысы)

-66 кг

Әбілхайыр Мәуленин (Алматы облысы)

Шадияр Қуандық (Түркістан облысы)

Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)

3.Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)

-73 кг

1. Серік Ақылбек (Қызылорда облысы)

2. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)

3. Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)

3. Жанболат Бағтбергенов (Ақтөбе облысы)

-81 кг

Саламат Жұрқабаев (Жамбыл облысы)

2. Руслан Муссаев (Маңғыстау облысы)

3. Қажымұқан Өтеулиев (Алматы қаласы)

3. Айдын Дартаев (Қарағанды облысы)

-90 кг

1. Азиз Қалқаманұлы (Жамбыл облысы)

2. Ислам Бозбаев (Қарағанды облысы)

3. Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы)

3. Рега Палкин (Қарағанды облысы)

-100 кг

1. Виктор Демьяненко (Алматы қаласы)

2. Әділхан Қозыбаев (Қызылорда облысы)

3. Арман Калиев (Атырау облысы)

3. Айбек Серікбаев (Қызылорда облысы)

+100 кг

1. Ерасыл Қажыбаев (ШҚО)

2. Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)

3. Темірлан Көлбай (БҚО)

3. Әділ Оразбаев (ШҚО)