Аймақтар • 17 Қараша, 2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

56 реткөрсетілді

Бүгін сағат 10.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысының баспасөз қызметі. 

16 қараша күні кешкі 19.00 шамасында облыс орталығы Қызылорда қаласынан 130 шақырым жерде Қармақшы ауданының Ақжар ауылы маңында «Самара-Шымкент» тасжолында 2 жолаушылар автобусының соқтығысқаны туралы хабар келіп түсті.

Жол-көлік оқиғасы туралы хабар алғаннан кейін апат орнына Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов пен аудан әкімдігінің қызметкерлері, облыстық денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары мен жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ төтенше жағдайлар және ішкі істер департаментінің басшылары барды.

Оқиға орнында жергілікті полиция қызметінің 34 қызметкері,13 арнайы техника мен 34 төтенше жағдайлар департаментінің маманы,  130 медицина саласының қызметкері, оның ішінде 16 дәрігер жұмылдырылды. Сондай-ақ, 12 "жедел жәрдем" бригадасы жұмыс істеді.

 84 жолаушыға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Жалағаш және Жосалы аудандарында екі аурухана және облыстық медициналық орталық зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

«Қазалы-Қызылорда»  мен «Қызылорда-Қармақшы» бағытындағы 2 автобуста барлығы 86 адам болған. Медициналық көмек 74 жолаушыға көрсетілді,оның 29-ы ауруханаларға жеткізілді және дәрігерлердің бақылауында. Қалған 45 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем тағайындалды. Апат орнында 2 адам қайтыс болды және  ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Олжас Ысқақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қайтыс болған жандардың отбасыларына жергілікті билік тарапынан қажетті көмек көрсетілуде.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар