Аймақтар • 17 Қараша, 2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

104 реткөрсетілді

Бұл мәселе жайында облыс  орталығында «Көліктерге ауыр салмақты жүктерді тиеу және тасымалдауды бақылау» бойынша өткен жиында  көлік прокурорлары  мәлім етті.

Жиынға өңірдегі жүк тасымалдаушылар, Жер қойнауын пайдаланушылар, ірі кеніштердің басшылары қатысты.

Өңірде ауыр жүк тасудың тасымал салмақ параметрлерін сақтамаған,  шамадан артық жүк тасыған 370 көлік анықталып, 90 шақты жүк жіберуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Өңірде бірнеше мониторинг жүргізу барысында жүк тасымалы бойынша заң бұзушылықтар анықталған. Заң бұзушылықтар жүк тасымалдаушылардың арасында жылдамдықты асыру, көлік құжаттарының дұрыс рәсімделмеуі, немесе құжаттардың мүлдем жоқтығы, жүк салмағының артуы сияқты қателіктер жиі қайталанды, -дейді  еліміздегі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Ғылымов.

Көлік прокуроры Рүстем Тоқбергеновтің айтуынша, өңірде көптеген тау-кен өндірушілері мен жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындары жұмыс жасайды. Көмір,  қиыршық тас, құрылыс заттары сияқты ауыр жүк тасымалы жолдардың  бұзылуына әсер етеді. Жыл сайын жолдар жөнделеді. Қыруар қаржы көлемі артуда.

Бірақ, жүк тасымалын бақылаусыз қалып келеді. Биыл облыстық әкімдіктің бастамасымен, тікелей облыс әкімі Болат Бақауовтың  тапсырмасымен, жергілікті полиция қызметі, көлік басқармасы, көлік бақылау инспекциясымен бірлесіп  жұмыс атқарды. Бірлескен іс-әрекеттер келісімдеріне қол қойылды.

Ал, жиынға қатысқан «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Асылбековтің айутынша, біріншіден-жолдардағы қауіпсіздікті сақтау. Екіншіден, өңірде жыл сайын жолдар  жөнделуде. Тіпті, жолдарды күтіп ұстауға да қаржы бөлінеді. Басты мәселе-қыруар қаржы бөлініп жөнделген  жолдарды сол күйінде сақтап қалуда.

Көлік комитеті мен көлік иснпекциясы еліміздегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау,ауыр жүктердің мөлшерден тыс артпауын бақылайды. Ауыр  жүк таситын  тасымалдаушылармен жұмыс жасап, жолдағы жемқорлықтың алдын алу. Осы мақсат жүзеге асу үшін-«Бірінші жемқорлыққа қарсы кеңестің» өкілдері Көлік комитетімен бірге қоғамдық бірлестік ретінде меморандумға қол қойған.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар