Әлем • 18 Қараша, 2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде мәнерлеп сырғанаудан Гран-при додасының бесінші кезеңі аяқталды. Rostelecom Cup-2018 турнирінің қорытындысы бойынша, Элизабет Тұрсынбаева алтыншы орын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

Қысқа бағдарламадан соң 61.73 ұпаймен төртінші орында тұрған Элизабет еркін бағдарламадан соң 118.72 ұпай жинады. 

Қоссайыс қорытындысы бойынша 180.45 ұпай жиған Тұрсынбаеваның жалпы есептегі көрсеткіші – алтыншы орын. 

Бұл сында Олимпиада чемпионы, ресейлік Алина Загитова (222.95) жеңіске жетті. Екінші орында тағы бір ресейлік Софья Самодурова (198.01). Үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Лим Ын Су қорытындылады (185.67).