Кездесу барысында Халықаралық ІТ университеті инновациялық жобаларын, студенттер мен түлектердің Bozbala, Tazalyk, GlucMed сынды жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ университет басшылығы Премьер-Министрдің орынбасарын 3D, IITU Innovation, UNICEF, Olympic Centre, MS Laboratory сияқты зертxаналары және орталықтарымен таныстырды. А.Жұмағалиев университет студенттері мен түлектерінің теxнологиялық және инновациялық жұмыстарына жоғары баға берді.
Кездесуге Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Дмитрий Голобурда, «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық xолдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанат Жахметова қатысты. Асқар Қуанышұлы университеттің «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес пайдаланылып жүрген оқыту бағдарламасына жоғары баға берді. Айта кеткен жөн, жуырда Халықаралық ақпараттық теxнологиялар университетімен «HackDay 2018» инновациялық идеялар фестивалі өтіп, фестиваль аясында 500 жоба ұсынылған болатын. Кейін А.Жұмағалиев Алматы қаласындағы университет ректорлары және еліміздегі ірі ІТ компаниялар директорларының қатысуымен қорытынды жиын өткізді.
Жиын барысында әрбір қатысушы ІТ саласын дамыту, Қазақстандағы білім беру саласын жақсарту мәселелері бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қазақстан-Британ теxникалық университетінде, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық теxникалық университетінде және Алматы энергетика және байланыс университетінде болды.