08 Ақпан, 2012

Бокс биігін бағындырған күн

461 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бокс биігін бағындырған күн

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша «Astana Arlans» пен италиялық «Dolce&Gabbana Milano Thunder» командаларының арасында өткен жекпе-жекте «қасқыр жігіттердің» бағы жанды.

Бұл күнге дейін қарсылас шы­датпаған миландық құрама біздің жігіттермен кездесуге Украина және Африка боксшыларынан құ­рал­­ған мықты топпен келді. 53,8 кг. салмақта алғашқы болып қол­ғап түйістірген қазақстандық легионер Хабибулла Исмаил-Ахунов пен украиндық Виталий Волков арасындағы жекпе-жек өте тартысты өткенімен, біздің жігіт­ке қарағанда қарсыластың шебер­лігі басым екендігі анық байқал­ды. Волков WSB көрсеткіші бойынша рейтингтік 12 сатыда тұр­ған боксшы.

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша «Astana Arlans» пен италиялық «Dolce&Gabbana Milano Thunder» командаларының арасында өткен жекпе-жекте «қасқыр жігіттердің» бағы жанды.

Бұл күнге дейін қарсылас шы­датпаған миландық құрама біздің жігіттермен кездесуге Украина және Африка боксшыларынан құ­рал­­ған мықты топпен келді. 53,8 кг. салмақта алғашқы болып қол­ғап түйістірген қазақстандық легионер Хабибулла Исмаил-Ахунов пен украиндық Виталий Волков арасындағы жекпе-жек өте тартысты өткенімен, біздің жігіт­ке қарағанда қарсыластың шебер­лігі басым екендігі анық байқал­ды. Волков WSB көрсеткіші бойынша рейтингтік 12 сатыда тұр­ған боксшы. 

Қанша жерден Хабибулла оны бұрышқа тақап соқ­қының астына алғанымен, милан­дық шебер нақты да сауатты соқ­қысымен басым түсіп отырды. Кез­десудің алғашқы жеңісіне қонақ­тар ие болғаны айдан анық.
Есесіне, жанкүйерлердің деле­бесін қоздырып, өте әсерлі ойын өрнегін көрсеткен Мерей Ақша­лов болды. Ол Миклош Варга есімді венгр жігітімен қолғап түйіс­тіріп, алғашқы кеткен есені жақсылап қайырды. Айта кету керек, 60 кг. салмақтағы Мерей WSB көрсет­кіші бойынша рей­тинг­­тік 12 сатыда тұр, содан да болар, қарсыласын алғашқы раунд­тан-ақ қуалап жүріп төпеп салды. Есеп – 1:1.
Қалың жұртшылық сенім артып, аса тартысты өтеді және жеңісті боламыз деген үшінші жұп Қанат Ислам (72,8 кг.) мен Сергей Деревянченко арасындағы кездесу біздің пайдаға шешілмеді. Шебер боксшымыз Қанат бұл жолы сылбыр ойнады. Жалпы, бұл кездесуде біздің жігіттердің бәрі дерлік шаршаңқы көрініп, алғаш­қы 3 раунд­тан кейін қарсыласы­ның ашық иегін көздей алмай жүрген­дері рас-тын. Қазақстан құрамасы­ның капитаны Қанат Ислам WSB көрсеткіші бойынша рейтингтік 12 сатыда, ал оның қарсыласы Сергей Деревянченко 1 рейтингтегі мықты боксшы. Ба­ғы ма, әлде бабы кел­меді ме, әйтеуір Қанат қарсы­ласының мысы басқандай тым солғын бокстасты. Оның жеңілісі жанкүйер біт­кеннің көңілін түсіріп қана қой­май, миландықтардан тағы да жеңіліп қаламыз ба деген күдікті күшейтіп жіберді.
83 кг. салмақтағы Қазақстан құра­масындағы алжирлік легионер Әбделфахид Беншабла Милан тобындағы француз жігіті Людовик Грогуамен күш сынасты. Бұл өте жауапты кездесу еді. Сондық­тан да спорт сарайына жиылған көрермен құлақ тұндыра айғайлап, қазақ­стандық боксшыны арқалан­ды­рудан танбады. Бар жауапкер­шілікті терең сезінген Әбделфахид та барын салды деуге әбден болады. Бес раунд бойына мықты қар­сыластың осал жерін іздеп, мей­лінше сайыс тізгінін өз қолына алуға тырысты. Оның жігерлілігі Қазақстан қоржы­нына жаңа жеңіс пен әлемдік биікке көтерілуге бір табан жақындату мүмкіндігін алып келді.
Кездесудің соңғы жұбы ринг төріне көтерілгенше жанкүйерде дегбір болмады. 99 кг. салмақтағы Руслан Мырсатаев пен Ромарик Нгула Тангум арасындағы жекпе-жек көрер көзге қызық және ел намысы таразыланатын сәт еді. Қа­нат­тан жеңіс күтіп меселі қайт­қан жанкүйер бұған дейін де қысыл­таяң сәттерде сағымызды сындыр­маған Русланды тікесінен тік тұрып қарсы алды. Милан тобында өнер көрсететін камерундық Ромарик Нгуланың дене бітімі мен рингтегі мысы шынында да жеңісті шаппай сұрауға лайық екен. Салған жерден Русланға тарпа бас сал­ғанда залдағы жұрт қолжетім жердегі жеңістен қағылдық-ау дегендей, сәл тіксініп-ақ қалған.
Жанкүйердің қолдан келер қайраны айғайға ысқырық қосып өз боксшысына дем беру ғана. Шомбал жұдырықтардың гүрс-гүрс үні мен ринг сыртындағы бапкерлердің шырылдаған дауысы, аруақ шақы­рысқан жұрт, соңғы үміт, бәрі-бәрі спорт сара­йының ішіне сыймай жатқандай әсер қалдырды. Алма-кезек соқ­қы­ласып жүріп үшінші раундты да аяқтады екі дәу. Әр соққыда талай күш жұмсап, ауыр салмақты көтеріп жүрудің қан­шалықты қиын екендігі сырт көзге де анық сезіліп тұрды. Русланға қарағанда қарсыласы тың көрініп, біздің жігіттің соқ­қылары дарымай жатқандай болған.
Сөйтсек, оның бәрі бір мезет­тік шешуші соққыға тұрмайды екен. Бурадай шабынып келесі шабуылға ұмтылған сәтте Рус­лан­ның соққысы Ромарикті тәл­тіректетіп жіберді. Жұрт шулап орындарынан қарғып тұрды. Төрешінің санағына селт етпеген камерундық қайта шабуылдай беріп, тағы бір мықты соққыға тап болды. Осы сәт рингке оның бапкері орамал лақтырып, өз шәкіртінің таза жеңілгенін еріксіз мойындады. Жеңіс біздікі!
Бұған дейін «Dolce&Gabbana Milano Thunder» қарсылас біт­кенді бет қаратпай жеңіп келген мықты құрама еді. Қазақстан жағының жігіттері екінші орынды иеленіп қана жүрмей, мықты қарсыласқа мықты соққы бере алатындықтарын паш етті. Енді ақпанның аяғына таман Алматыда «Astana Arlans» құрамасы Үндістан боксшыларымен кезде­седі. Оған дейін келер аптада Мәскеуде өтетін «Динамомен» болатын кездесуде ел намысын тағы бір таразыламақ. Қазақ елін әлемге танытып жүрген батырла­рымызға тек сәттілік тілейміз.
Қанат ЕСКЕНДІР,
Алматы.