Қазақстан • 20 Қараша, 2018

Миланка Карич: Басым бағыттар қамтылған

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қай мемлекет болсын өзінің алдына қойған нақты мақсат-мін­деттері болмаса, ол дамудың даң­ғыл жолына түсе алмайтыны бел­гілі. Осы орайда Қазақ­стан Пре­­зид­енті Нұрсұлтан Назар­баев­­­тың өзінің жыл сайын­ғы Жол­дау­лары арқылы елдің бағыт-бағ­дарын айқындап, халық тұр­мысын жақсарту, экономиканы дамыту және басқа да маңызды мәселе­лер бойынша басты міндеттерді көрсетіп келеді.

Миланка Карич: Басым бағыттар қамтылған

Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жария­лаған Жолдауында әлеуметтік са­лаға баса назар аударған. Онда, әсі­ресе тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау ісіне басымдық берілген. Сонымен қатар денсаулық сақтау және білім беру салаларына да айрықша көңіл бөлінген. Бұлар­дан бөлек, мен аталған Жол­дауда азық-түлік өнімдерінің қауіп­сіздігі мен сапасына мемлекеттік бақылауды күшейту ісіне екпін бе­рілгенін өте орынды деп есеп­теймін. Осы арада халық ден­саулығының жақсы болуы елдің қарқынды түрде дамуына тікелей әсер ететін фактор екенін атап өткім келеді.

Қазіргі таңда әлемде техноло­гияның қарқынды дамуы уақыт талабына сай мамандар даярлау қажеттігін күн тәртібіне шы­ға­рып отыр. Осыған байланыс­ты, Жол­дауда жоғары оқу орын­дары­ның алдына сапалы мамандар даярлау міндеті қойылғаны, сон­дай-ақ ұрпаққа білім, тәр­бие беру ісінде 4К моделіне: креа­тив­тілікті, сыни ойлауды, комму­ни­кативтілікті дамытуға жəне командада жұмыс істей білуге басты назар аударылғаны қуантады.

Жолдауда құқық қорғау орган­дарының, сот жүйесінің, мем­ле­кет­тік қызметкерлердің жұмы­сын жетілдіру, заман сұранысына бе­йімдеу мәселесі атап көр­се­тіл­ген. Айта кету керек, мем­лекет­тік қыз­мет­керлердің жұмы­сы­на ха­лық­тың се­нім артуы өте маңызды. Сон­дық­тан өзін-өзі жетілдіре отырып, са­па­лы жұмыс істеу мемлекеттік қыз­метшінің басты міндеті болуы тиіс. 

Жалпы, Қазақстанда халықтың әл-ауқатын жақсартуға, олардың табысын өсіріп, тұрмыс сапасын арттыруға қатысты көптеген жұмыстар атқарылуда. Елде түрлі әлеуметтік көмектерді ұсыну үрдісі сақталып қана қоймай, ол біртіндеп көбейтіліп отыр. Бұл Қазақстандағы тұрақтылық пен орнықты дамудың айқын көрінісі.

Миланка КАРИЧ,

Сербия парламентінің депутаты