09 Ақпан, 2012

Олимпиадаға 171 күн қалды

282 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Олимпиадаға 171 күн қалды

Дүбір

Біздің мақсатымыз – бес медаль
Алматыда ауыр атлетикадан ұлттық құраманың Олимпия ойындарына дайындық барысын талқылауға арналған жиын өтті.
Оған Спорт және дене шы­нық­тыру істері агенттігінің төр­ағасы Талғат Ермегияев, Ауыр атлетика федерациясының пре­зиденті Қайрат Тұрлыханов пен спорттың осы түрінен ұлттық құраманың бапкерлері мен мү­шелері қатысты. Жиынға сон­дай-ақ, агенттік төрағасының орын­басары Елсияр Қанағатов, Штаттағы ұлттық командалар және спорт резерві дирекция­сының директоры Қайыргелді Жанпейісов те қатысып, онда зілтеміршілердің Лондон Олимпиадасына дайындығы талқы­ланды.

Дүбір

Біздің мақсатымыз – бес медаль
Алматыда ауыр атлетикадан ұлттық құраманың Олимпия ойындарына дайындық барысын талқылауға арналған жиын өтті.
Оған Спорт және дене шы­нық­тыру істері агенттігінің төр­ағасы Талғат Ермегияев, Ауыр атлетика федерациясының пре­зиденті Қайрат Тұрлыханов пен спорттың осы түрінен ұлттық құраманың бапкерлері мен мү­шелері қатысты. Жиынға сон­дай-ақ, агенттік төрағасының орын­басары Елсияр Қанағатов, Штаттағы ұлттық командалар және спорт резерві дирекция­сының директоры Қайыргелді Жанпейісов те қатысып, онда зілтеміршілердің Лондон Олимпиадасына дайындығы талқы­ланды.


Басқосуға спортшылар арасынан Илья Ильин мен Светлана Подобедова ғана қатысқан жоқ. Басқаларының бәрі ке­ліп, агенттік төраға­сы­ның, бапкерлердің ұлт­тық құрама алдына қойған міндет-мақсат­тарын зейін қойып тың­дады. Ильин болса, Олим­пиадаға жеке бағ­дарлама бойынша дайындалып жатыр. Ал По­добедова сұранып, Ресейге барып-келмек екен.
Жиында Қазақстан құрамасына қатысты көптеген мә­селе қарал­ды. Алдымен агенттік төр­ағасы сөз алып, елі­міз­дің Олимпиадада ауыр атлетте­рімізге ерекше үміт артылып отыр­ға­нын, алтын жүлдеден үмітті спортшыларымыз болса, ол зілте­мір­шілер екенін атап өтті. Осы­ған байланысты Т.Ер­мегияев мем­ле­­кет­тің ұлттық құ­раманың Олим­­пиадаға дайын­ды­ғына ерекше көңіл бө­летінін мәлім­деді. Осыдан кейін бас бапкер Алексей Ни команда­ның Лондон Олим­пиа­дасына дайын­ды­ғы­мен таныстырды.
Ол Қазақстан құрамасының жарысқа жан-жақты дайындалып жатқанын айта келіп, жақын арада Ильиннен басқаларының бәрі Талдықорғанда жиналып, мамыр айының соңына дейін сол жерде жаттығатындарын атап көрсетті. «Осы жерде, – деді ол, – Қазақстан чемпионаты өтеді. Бұл сында біз Лондон Олимпиадасына баратын спортшыларды анықтаймыз».
Оның айтуынша, Олимпиа­даға қазір ерлер – төрт, әйелдер де төрт лицензияны иеленіп отыр. Содан кейін ұлттық құрама Текеліге жаттығуға барып, сол жерден Лондонға аттанады. Осы орайда бас бапкер Қазақстан құрамасы Тұманды Альбионда бес медаль алуға ұмты­латынын, соның екеуі алтын жүлде болса деген тілегі бар екенін жеткізді.
«Қазіргі күні біздің Олим­пиадаға еш алаңсыз дайын­далуы­мызға барлық жағдай жасалуда. Спорт және дене шынық­тыру істері агенттігі, республика Ауыр атлетика федерациясы және бас демеушіміз – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры барынша қолдау көрсетуде. Сон­дықтан біз Талдықорғандағы чемпионаттан кейін Лондонға дейін тау бөк­терінде дайындалып, Олимпиададан бес жүлде әкелуді мақсат етіп отырмыз», – деді Алексей Ни.
Басқосуда Түркиядан келген кеңес­ші-бапкер Әнуар Түркілери өзінің әріптесімен толық келісетінін айтты. «Біз Ұлыбри­танияға алтын алуға барамыз, үш алтын жүлде алып жатсақ, оған еш таңдан­баңыздар», – деді ол. Негізі, Түркілери мырзаның аузы дуалы деседі білетіндер. Оның айтқа­нының айдай анық, дәл келетінін Афина Олимпиадасынан бергі таныстығымыздан да білеміз, Бейжің Олимпиадасы басталар алдында да оған куә болғанбыз.
Сол кезде ол Ильинге ерекше үміт артылып отырғанын, Тола­ғайдай тау-тасты көтере алатындай көрінетін батырымыздың бас жүлдені жеңіп алатынын айтқан болатын. Енді, міне, біз тағы да Олимпиадамен қатар, үш дүркін әлем чемпионы атанған тума таланттың Тұманды Альбионда да топ жаратынына сенгіміз келеді. Солай болса деп тілейміз!
Осыдан кейін ұлттық құра­маның бас бапкері қайта сөз алып, команданың кейбір мүше­лерінің осыдан біраз уақыт бұрын  құзырлы органдарға арнайы хат жазып, «ұлттық құра­мадан бөлек, жеке өзіміз дайын­далсақ» деген өтініште­ріне байланысты түсініктеме бере кетті. Осы жағдайдың мән-жайын бас бапкердің өзі былай түсіндірді:
«Қазіргі кезде тек Илья Ильин ғана ұлттық құрамадан бөлек дайындалып жүр. Бірақ оның да әр қадамын біздер үнемі қадағалап отырмыз. Ал өзге спорт­шы­ларға ондай рұқсат бе­рілген жоқ. Қазіргі күні Владимир Кузнецов, Сергей Истомин және Владимир Седов Лазарь Донның қол астында жаттығуда. Қал­ған мық­ты­ларды Әнуар Түр­кі­леридің өзі баптауда. Жә­не де олардың жеке жаттық­тырушылары да бұл іске белсене араласуда».
P.S. 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада Қазақстан құ­ра­­масы 1 алтын, 2 кү­міс және 1 қоланы ие­ленді. Бұл жарыста Илья Ильин чемпион атан­са, Алла Важенина, Ирина Некрасова және Мария Грабовецкая жүлдегер­лер қата­рынан көрінді. 2009 жы­­­­лы Қазақ­стан құрамасы Гуянгте өткен әлем чемпионатында 4 алтын және 1 қола медаль­ға ие болды. Онда Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Владимир Седов алтыннан алқа тақса, Владимир Кузнецов қола жүлдегер атанды. Ал 2010 жылы Анталияда өткен сында Майя Манеза мен Светлана Подобедова алтын тұғырдан қол бұлғады. Былтыр еліміз Париж­дегі әлем чемпионатында 2 алтын және 2 күміс медальді иеленді. Зүлфия Чиншанло мен Илья Ильин алтын, Майя Манеза мен Светлана Подобедова күміс медальға ие болды.
Дастан КЕНЖАЛИН.