Олимпиада иек астында
Жақында Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жастар арасында бес күнге созылған еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өткен Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.
Бұл чемпионатты ең алдымен еркін күрес балуандары бастады. Еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген спортшылар чемпионатқа жақсы даярлықпен келгендерін кілем үстіндегі белдесулерде көрсете білді. Жекелей салмақ дәрежелері бойынша Нұрлан Тұрған (Алматы қаласы, 50 кг.), Азамат Шағапұлы (Қызылорда облысы, 55 кг.), Мейіржан Әшіров (Жамбыл облысы, 60 кг.), Нұрғали Жолаев (Алматы қаласы, 66 кг), Әбубәкір Торғаев (Шығыс Қазақстан облысы, 74 кг.), Ералы Әбдірашев (Acтана қаласы, 84 кг.), Іңкәр Ермұхамет (Оңтүстік Қазақстан облысы, 96 кг.), Олег Болтин (Шығыс Қазақстан облысы, 120 кг.) бірінші орынды иеленді.

Әйелдер күресінде Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары Кристина Яловенко, Юлия Одиненко, Айдана Өтеғұлова, Қарағанды облысының өкілі Ирина Борисова мен Жаиля Әубәкірова чемпион атанса, Алматы облысынан Ұлбосын Қожамберді, Павлодар облысынан Аймангүл Төлеухан, Батыс Қазақстан облысынан Екатерина Ларионова жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді.
Ал Шығыс Қазақстан облысының спортшы қыздары осы чемпионатта мұндай үздік жетістікке қол жеткізе алмады. Әйгерім Сағынаева мен Әйгерім Мақажанова екінші орындарды еншілесе, жүлделі үшінші орын шығысқазақстандық спортшыларға бұйырмады.
Грек-рим күресі бойынша 60 кг. салмақ дәрежесінде сынға түскен шығысқазақстандық Мейір Ерзақов өзгелерден әлдеқайда мықты екендігіне көрермендердің көздерін жеткізді. Қалған салмақ дәрежелерінде жамбылдықтар Асқар Салтебаев, Жәнібек Қандыбаев, астаналықтар Азамат Құстыбаев, Ахмет Ізбасқанов, қарағандылық Айдын Әшімбаев, қостанайлық Тимур Ташмағанбетов, павлодарлық Еркін Шәйкенов жеңімпаз атанды. Шығысқазақстандық балуандар арасында екінші, үшінші орын алғандар болған жоқ.
Салыстырмалы түрде алғанда, күрестің үш түрі бойынша Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының әрқайсысынан үш балуаннан бірінші орындарды иеленіпті. Әр өңірде күрес түрлерінің қалай дамып жатқанын, келешегі қандай екенін Өскеменде өткен жастар чемпионаты анықтап берді. Біздің облыста грек-рим және әйелдер күресінің даму барысының баяу екені де аңғарылып қалды. Ең бастысы – күрес бұқаралық спорт түріне айналып, кең өріс алып келе жатыр. Сондықтан да ізбасарлар даярлау ісін назардан тыс қалдырмай, жастар мен жасөспірімдер спортына көңіл бөлген жөн. Сонда ғана нәтиже болатыны белгілі.
Өскемендегі чемпионатта күрестің үш түрінен жеңіске жеткен балуандар еліміздің құрама командаларына қабылданды. Олар енді халықаралық жарыстарға даярлықты бастап, оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Лондон Олимпиадасында біз балуандардан да үміт күтеміз.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.