Автобустардың қақтығысуынан болған оқыс оқиға Қармақшы ауданы, Ақжар ауылының тұсында орын алған еді. Автобустардың ішінде 86 жолаушы болған. Оның үшеуі қайтыс болып, 74-і ауруханаға түскен.
Қан орталығының қызметкерлері полиция басқармасына құрылғыларымен келді. Облыста «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» жүріп жатқан. Қамқорлық акциясына 70-ке жуық полиция қызметкері қатысып, қан тапсырды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы