01 Наурыз, 2012

Үлес қосқандар үлгі тұтылды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үлес қосқандар үлгі тұтылды

Жуырда Дүниежүзілік қазақ күресі федера­ция­­сы­ның алқа отырысында соңғы жылдары қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ азаматтар омырау белгісімен және дипломдармен марапатталды. Бұл медаль мен дипломдарды федерация президенті Серік Төкеев табыс етті.

Жиында қазақ күресіне қосқан ерен еңбегі үшін Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының 5 жылда бір рет берілетін омырау белгісі белгілі бапкер, төл күресімізден АҚШ-та федерация ашқан азамат Алмас Мұса­бе­ковке, Қостанай облыстық қазақ күресі федерациясының президенті Асқар Наметовке, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Дастан Кенжалинге, Дү­ниежүзілік қазақ күресі федерациясы бас хатшысының міндетін атқа­ру­шы Жадыра Қошқарбаева мен менеджері Бақытнұр Мәдиеваға тапсырылды.

Сонымен бірге, қазақ күресінің өркендеуіне қос­­қан үлесі және сі­ңір­ген еңбегі үшін үздік бапкер ата­ғымен Ғани Ақмұратов (Оңтүстік Қа­зақстан), Ер­лан Естек (Астана), Ермек Насиев (Алматы облысы), Серік Қоржекенов (Шығыс Қазақстан) марапатталса, Қайырбек Оңдағанов (Батыс Қазақстан), Нұрлыбек Ермағамбетов (Павлодар облысы) және Ғабит Тәжібенов (Қызылорда облысы) үздік төреші атағына ие болды.

Күнсұлтан ОТАРБАЙ, журналист.

Астана.