Қазақстан • 23 Қараша, 2018

Батыста әскери-ғылыми конференция өткізілді

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамы заманауи, дәстүрлі емес және гибридті соғыстарды жүргізу формалары мен әдістері талқыланған әскери-ғылыми конференцияны Атырау қаласында өткізді.

Батыста әскери-ғылыми конференция өткізілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының бастамасымен ұйымдастырылған конференцияға Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизонының басшылық және командирлер құрамы қатысты.

Конференция барысында жауынгерлік және жедел дайындық үрдісіне соғыстың заманауи, дәстүрлі месе және гибридті түрлері мен әдістерін ескере отыра новаторлық идеяларды енгізу мәселелері талқыланды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакировтың айтуы бойынша, бүгінгі күні әскери қақтығыстардың ішінде «гибридтік қауіптілік» тәріздес ұғым кең жайылуда.

- Бұл қарсыластын көздеген мақсатына жету үшін соғыс жүргізу кезінде қалыптасқан дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлерін қатар қолданатын ерекше әдіс болып табылады. Біз бұл ұғымның мәнің түсінуіміз керек. Офицерлер өздерінің баяндамасы кезінде әлемде болып жатқан әскери шиеленістерді ескере отыра үлкен сараптамалық жұмысты жүргізе алды. Бірқатар ұсыныстар мен сараптамалық мәліметтерді алдынғы жылдағы жауынгерлік дайындық бағдарламасына қосамыз деген ойдамыз, деді қолбасшы Қ.Аубакиров.

Бұл тәріздес әскери-ғылыми конференция Атырау қаласында алғаш рет өткізіліп, әскери қызметшілер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конференция сонында өңірлік қолбасшылықтың ағымдағы жылдың қортындысы жасалып, 2019 оқу жылына тапсырмалар белгіленді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы