Астаналықтар алға шықты
Осы күндері Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф бәсекелерінің қарымта кездесулері өтуде. Алғашқы екі ойынды өз алаңында өткізген командалар енді қарсыластарымен сырт алаңда күш сынасуда.
Бұған дейін Магнитогорда өткен екі кездесуде «Барыс» бір рет жеңіліп, екіншісінде жеңген болатын. Астананың «Барысы» өз алаңындағы алғашқы матчын 4 наурыз күні өзінің плей-оффтаға қарсыласы Магнитогордың «Металлургімен» өткізді. Осы кездесуде алаң иелері магнитогорскілік команданы 3:2 есебімен ұтты.

Астанадағы алғашқы матчты, яғни қос команданың арасындағы үшінші кездесуді Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Қазақстан Республикасы Шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин және тағы да басқа ресми адамдар келіп, тамашалады.
Сөйтіп, астаналықтар жалпы есепте 2:1 есебімен алға шықты. Осылайша, плей-офф бәсекесінде бұған дейінгі үш жыл бойы бірде-бір жеңіске жетіп көрмеген «Барыс» алғаш рет алға шығып отыр.
Бұл матчта «Барыс» Магнитогорскіде өткен екінші кездесудегі сияқты жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Кездесуде алғашқы болып есепті қонақтар ашты. Бірінші шайбаны 6-шы минөтте Виталий Еремеев қақпасына «Металлургтің» фин легионері Юхаматти Аалтонен тоғытса, арада аз уақыт өткен соң, біздің легионер Найджел Доус есепті теңестірді. Одан кейін 34-ші минөтте Андрей Гаврилин есепті 2:1-ге жеткізсе, 50-ші минөтте Эндрю Хатчинсон магниткалық команданың қақпасына үшінші шайбаны соқты. Ал ойынның соңғы нүктесін «Металлург» ойыншылары қойды. Матчтың 57-ші минөтінде Сергей Мозякин есепті қысқартты.
Кеше кешкісін қос команданың арасындағы төртінші матч өтті. Бұл жолы қай команданың бағы жанатыны белгісіз. Соңғы төрт маусымда да плей-оффқа шыққанымен, 11 рет жеңілістің ащы дәмін татқан «Барыс» биылғы маусымда намысқа тырысып, жанкүйерлерін жерге қаратпауға күш салуда. Оның екі рет жеңіске жеткені соның бір дәлелі.
Енді «Барыс» осы жеңісті жолын жалғастырып, алдына плей-оффтың келесі айналымына шықсақ деп мақсат қойып отыр. Ал «Барыстың» биылғы плей-офф бәсекесіндегі ең тамаша ойыны күні кеше Магнитогорскіде өткен екінші кездесуде алаң иелерін 4:1 есебімен жеңгені болды. Бұл матчта көптен бері шайба соға алмай жүрген Талғат Жайлауов та көзге түсті. Ол айдын ортасында шайбадан айырылып қалған «Металлург» ойыншыларының қателігін ұтымды пайдалана білген еді.
Дастан КЕНЖАЛИН.