Өнер • 26 Қараша, 2018

Қарағандыда суретші Пётр Кишкистің жеке көрмесі ашылды

564 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Пётр Кишкистің «Қара фондағы жұмыстар-1» деп аталған жеке көрмесі ашылды.

Қарағандыда суретші Пётр Кишкистің жеке көрмесі ашылды

Көрермен назарына қыл­қалам шеберінің картиналары кескінделген қара түсті 42 қағаз парағы ұсынылған. «Фонның қара түсі тереңдік пен кербездік сыйлайды», дей­ді автордың өзі. Сурет­шінің ерекшелігі де сол, ол өз­і­нің туындыларын тек қана қара түсті фонға салады.

Жалпы, бұл суретші жос­парындағы үш көрменің ал­ғаш­қысы. Екінші көрменің атауы – «Өнердегі қарындаш». Ал сынақ жұмыстарынан құ­ралған үшінші көрме «Энер­гия» деп аталады. 

Көрме авторының идеясы бойынша, көрермендер сурет­шінің шеберханасында жүргендей әсер алуы керек. Мұны ол көрмеге келу­шілер­мен жүргізілген ойын деп атай­ды. Тіпті суретші кар­тиналарының атауын да жаз­баған. Мұндай тәсіл көрер­­менмен сенімді қарым-қаты­нас құруға септігін тигізеді деп санайды шебер.

– Оның еңбекқорлығы, шеберлігі, шығармашылық қиялы өте зор, стильді се­зіне алуы ерекше. Мұн­да­­ғы жұ­мыс­тарының бір де бі­­рінде эти­кетка жоқ, ол өзі­­нің ойын ешкімге таңбайды. Барлығы қара фон­да, бәріміз ғарышқа сүң­гігендей әсер аламыз. Оның туындыларына қарап, тұң­­­ғиыққа шомуға болады. Құдды бір галактика, – деген пікір білдірді облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары Александр Гехт.

Пётр Кишкис тек қара фон­ға сурет салып қана қой­майды. Сонымен қатар ол түр­лі ғимараттардың ішкі кө­рі­нісін безендірумен де ай­на­лы­сады.

– Мен кез келген стиль бо­йын­ша жұмыс істей беремін. Дегенмен, кескіндемеде ана­ғұрлым шыншылмын. Менің алғашқы көркем суретім Жа­ңа Майқұдықтың мәдениет үйінде тұр. Одан кейін «Ин­терфуд» кафесінде сурет салдым. Сондай-ақ үш жыл бойы Жезқазғанда шіркеу ішін безендірумен айналыстым, – дейді Пётр Кишкис.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ