Әлем • 26 Қараша, 2018

Осакадағы турнирде Жапонияның дзюдошылары озды

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Жапонияның Осака қаласында аяқталған Grand Slam турнирінде өнер көрсеткен Қазқастанның 13 дзюдошысының бірде-біреуі жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ.

Осакадағы турнирде Жапонияның дзюдошылары озды

Жерлестеріміздің арасынан ең тәуір нәтижеге Жансай Смағұлов қол жеткізді. 73 кило салмақ дәрежесінде белдескен ол бесінші орынға табан тіреді. Өзге балуандардың көрсеткіштері одан да төмен. Ал бұл жарыс Жапония құрамасының айқын басымдығымен аяқталды. Ерлер арасында сарапқа салынған жеті бас жүлденің алтауын татами қожайындары иеленді. Олар – Рюдзю Нагаяма (60 кило), Яхиро Маруяма (66 кило), Шохей Оно (73 кило), Такеши Сасака (81 кило), Шохиро Мукай (90 кило) және Аорон Вольф (100 келі). Тек аса ауыр салмақтың алтын медалі Голландияның өкілі Хенк Гролға бұйырды.

Әйелдер арасындағы сайыста жапон қыздары бес рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Тағы екі салмақ дәрежесінде Канада мен Куба дзюдошылары топ жарды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»