Осы айтулы бағдарлама аясында облыста 2010 жылдан бері құны 43 млрд теңге болатын 680 жоба қаржыландырылған. Үкіметтің субсидиялаудағы жеңілдіктерін ұтымды пайдаланған шағын кәсіпкерлердің алды бүгінде алып агрокешендерді іске қосып жатыр.
– Бүгінде облыс көлемінде 52 мың шағын, орта бизнес субъектілері бар. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 13 процентке көбейді. Ендігі мақсат – аудан орталықтарында зәкірлік кооперативтер құруға басымдық бермекпіз. Осылайша шағын, орта бизнесті дамытып, жұмыссыздықпен күрес жалғасады,-деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Бақытжан Намаев.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы