13 Наурыз, 2012

«Барыстың» жолы болмады

294 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Барыстың» жолы болмады

Биылғы Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф бәсекесінде«Барыстың» жолы тағы болмадыОсымен лигаға төртінші рет бүкілҚазақстанның атынан шығыпеліміздің намысын қорғаған астаналықкоманда тағы да плей-офф сынының келесі кезеңіне өте алмады.

Бұл жолы «Барыстың» жолын орап кеткен команда Магни­тогордың «Металлургі» болды. Әуелі біздің жігіттер «Метал­лург­ті» төрт кездесуде 3:1 есе­бімен жеңіп тұрған. Бірінші кездесуде Магнитогорда «Құрыш балқытушылар» 3:2 есебімен же­ңіске жеткен. Екінші матчта енді «Барыс» намысқа тырысып, алаң иелерін 4:1 есебімен ұтқан. Одан кейін Астанада өткен екі кездесуде «Барыстың» жолы бол­ды.

Бұл ойындарда олар 3:2 және 4:1 есебімен жеңіп, «Ме­тал­лургтің» алдына шыққан. Мі­не, сол кезде «Барысқа» «Шы­ғыс» дивизионынан жартылай финалға шығу үшін бір ғана жеңіс керек еді. Алайда, біздің ұжым осындай жылына бір рет берілетін тамаша мүмкіндікті пайдалана алмай, қарсыласымен өткен үш кездесудің бәрінде ұтылуға мәжбүр болды.

Сол соңғы үш ойында «Барыс» овер-таймдарда екі рет 4:3 және бір рет 2:1 есебімен же­ңіл­ді. Осы матчтардың ішінде Ас­та­надағы 9 наурыз күнгі ойын қы­зықты және аса тартысты өт­ті. Бұл кездесуде қонақтар бул­­лит­­­тің көмегімен есепті теңес­тіріп, одан кейін овер-таймдағы шайбаның есебінен жеңісті суырып әкетті. Ал негізі сол кезде төрешілер буллит белгілейтін­дей ойын ережесі бұзылмаған еді. Өйткені, біздің қорғаушы Литвиненко қонақтардың са­пын­да­ғы Сушинскийдің аяғын таяқпен тартып емес, аяғына конькиін тигізіп құлатты. Ал Сушинский айдында әртістік мәнерде құлау­дың шебері екен. Осыны ескерген мәскеулік төрешілер төрттігі «Барыстың» қақпасына буллит белгіледі. Сөйтіп, сол төрттік «Металлургтің» жеңіске жетуіне жағдай жасап берді.

Осы ойында төрешілердің жасаған тағы бір қателігі – біздің соққан шайбамызды есептемеуі болды. Жаңа төрттік ақылдаса келе, Ари Ахо­неннің қақпасы гол соғылғанда жылжып кетті деп шайбаны есептемей тастады. Мұның бә­рін оқырман қауым Құрлықтық хоккей лигасының ресми сай­тын­дағы бейнетаспалардан кө­ре алады. Осындай тө­ре­ші­лердің көмегімен овер-таймға дейін әрең күші жеткен «Металлург» Еремеевтің қақпасына тағы бір шайба тоғытты.

Міне, осындай нотамен аяқ­талған ойындарда «Барыс» тағы да келесі айналымға шығу мүм­кіндігін жіберіп алды. Ал оның жолын орап кеткен «Металлург» енді «Шығыс» дивизио­нындағы жартылай финалда Омбының «Авангард» командасымен кез­де­седі. Осы дивизионда тағы Че­лябінің «Тракторы» мен Қа­занның «Ақ Барс» ұжы­мы күш сынасады. Ал «Батыс» дивизио­нын­дағы жартылай финал Санкт-Петербургтің СКА-сы мен Мәскеу облысы Мытищи қаласының «Атлант» клубтары және Нижний Новгород­тың «Тор­педосы» мен Мәскеу­дің «Динамо» командалары арасында өтеді.

Дастан КЕНЖАЛИН.