15 Наурыз, 2012

Арғы жақтан жаңалық

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арғы жақтан жаңалық

Еріктілер тек өз ісімен айналысадыОлимпиаданы ұйымдастыру комитеті ерік­тілерге Facebook пен Twitter әлеуметтік же­лілерінде Олимпиада туралы мәліметтерді, фотосуреттерді салуға тыйым салатындарын мәлімдеді.

Сондай-ақ, оларға интернетте спортшылар мен Олимпиадаға келген басқа да атақ­ты адамдар туралы мәлімет таратуға тыйым салынады делінуде. Олимпиа­даның өзіне барлығы 70 мыңдай ер­ік­тілер тартылады екен.

Бекхэм құрамадағы орыннан дәмеліАтақты ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм Олимпия ойындарында құрама сапында ойнағысы келетінін мәлімдеді. Жақында ол осы мәселені Ұлыбритания олимпиялық құрамасының бас бапкері Стюарт Пирмен талқылапты. Сонда бапкер Бекхэмге келі­сімін беріп, оны алаңға шығартқызып қана қоймай, команда капитанының жейдесін сеніп тапсыратынын айтыпты.

Егер Бекхэм құрама капитаны болса, онда оның командасы соңғы 52 жылдан бері Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия құрамаларының басын біріктірген алғашқы команда болады. Ал Бекхэмнің өзі жақында Солтүстік Американың жоғары лигасында ойнайтын «Лос-Анджелес Гэлакси» клубымен келісім-шартын тағы екі жылға ұзартты. Команда ағылшынның Лондон Олимпиадасына қатысуына келі­сімін беріп отыр.