27 Наурыз, 2012

Жаңа вице-президент сайланды

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа вице-президент сайланды

21 наурыз күні Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) атқару бюросының алғашқы мәжілісінде Қазақстан Бокс феде­рациясының президенті Тимур ҚҰЛЫБАЕВ АИБА-ның кәсіпқой боксты дамыту бойынша вице-президенті болып сайланды.

 

21 наурыз күні Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) атқару бюросының алғашқы мәжілісінде Қазақстан Бокс феде­рациясының президенті Тимур ҚҰЛЫБАЕВ АИБА-ның кәсіпқой боксты дамыту бойынша вице-президенті болып сайланды.

Осы жиыннан кейін АИБА президенті Чинг Куо-Ву Тимур Ас­қарұлын қауымдастық жарғы­сы­ның 34.1-бабына сәйкес сай­ланған жаңа қызметімен құттық­тады. Құт­тық­тау хатта: «Сізді АИБА-ның жаңа вице-президенті болып сайла­ну­ы­­ң­ызбен құттық­таймын. Сіз­дің кә­сіпқой боксты дамы­тудағы ең­бе­гіңізді бәрі жақсы біледі. Бұл сізге және Қазақстан боксына деген құр­мет. Жаңа қызметіңізде кәсіп­қой боксты да­мы­туға қо­мақ­ты үлес қоса­тыныңызға сенеміз», делінген.

Қазіргі таңда осы мәртебелі ұйымның құрамына Т.Құ­лы­ба­ев­тан басқа Қазақстан Бокс феде­рациясының тағы бірнеше өкілі кіреді. Олардың қатарында фе­де­рацияның вице-прези­дент­те­рі Се­рік Қонақбаев пен Юрий Цхай АИБА-ның атқару ко­митеті мен техникалық және бапкерлер ко­мис­сиясының құ­рамына кірсе, ҚБФ-ның тағы бір вице-пре­зи­денті Жанболат Сәр­сенов АИБА-ның әйелдер комис­сиясының, ҚБФ-ның атқару комитетінің мү­шесі, «Астана арланс» жартылай кәсіпқой клу­бының бақы­лау­шылар кеңесінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АИБА-ның Бү­кіл­әлем­дік бокс сериясы жөнін­­дегі комис­сиясының, Юсуп Шамсузов осы ұйымның меди­ци­на­лық комиссия­сының құ­ра­мына кіріп отыр. Ал ҚБФ ап­паратының жетекшісі Бекжан Бектенов АРВ атқару бюро­сының мүшесі болып табылады.

Дастан КЕНЖАЛИН.