27 Наурыз, 2012

Соңғы мүмкіндік – Мәскеуде

358 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы мүмкіндік – Мәскеуде

Наурыз мерекесінен кейін Астана мен Милан қалаларында жанкүйерлердің тағатсыздана күткен Бүкіләлемдік бокс сериясы жартылай финалының алғашқы кездесулері өтті.

«Астана арландары» өз ала­ңында Мәскеудің «Динамо» командасымен кездессе, «Милан най­зағайлары» Әзербайжанның «Баку оттары» клубын қабыл­дады.

 

Наурыз мерекесінен кейін Астана мен Милан қалаларында жанкүйерлердің тағатсыздана күткен Бүкіләлемдік бокс сериясы жартылай финалының алғашқы кездесулері өтті.

«Астана арландары» өз ала­ңында Мәскеудің «Динамо» командасымен кездессе, «Милан най­зағайлары» Әзербайжанның «Баку оттары» клубын қабыл­дады.

Осы кездесудің екеуі де екі күнде өтті. Алғашқысы 23 наурыз күні, екіншісі келесі күні болды. Соның ішінде 23-і күні «Астана арландарының» ре­сей­лік командамен болған кездесуі аса қызықты және тартысты өтіп, жерлестеріміз 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл айқаста біздің команданың сапында Міржан Рақымжанов (54 кг.), Мерей Ақшалов (61 кг.), Мирас Байырханов (73 кг.), Рамзжон Ахмедов (85 кг.) пен аса ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев ресей­лік­тердің құрамындағы Владимир Никитин, Вазген Сафарьянц, Виталий Бандаренка, Данил Швед пен Сергей Кальчугинмен қолғап түйістірді. Осы айқаста «арлан­дардың» сапындағы Ақшалов, Байырханов пен Ахмедов же­ңіске жетсе, қалған екеуі жеңілуге мәжбүр болды. Мырсатаев үмітімізді ақтамады. Осы айқастарда Міржанның қарсыла­сынан таза жеңілгенін мойындау керек. Никитин айла-тәсілі, қу­лық-сұмдығы басым боксшы екен. Соққылары да діттеген жеріне дәл тиіп жатады. Өзі мы­ғым, сабырлы, айлакер боксшы екені көрініп тұр. Ол бес раунд­тың бәрінде Рақымжановты шыдатпады. Ал Мырсатаев болса, үшінші раундтан кейін сыр беріп, қалған уақытқа шыдай алмай қалды. Оның тағы бір қателігі, ойламаған жерден қарсыласын бас­пен ұрып, төрешілерден ескерту алғаны болды. Осы баспен ұру оған тіптен керек емес еді. Қысқасы, бокс кешінде біз жеңіске жетсек те, көңіліміз әлі Мәскеуде өтетін айқас үшін алаңдаулы екенін жасыра алмаймыз. 30 наурыз күні Мәскеуде өтетін екінші жартылай финал­дық сында «арландарға» 4:1 есебімен жеңіске жету керек. Егер есеп 3:2 болып мәскеулік­тердің пайдасына шешілсе, онда қосымша жекпе-жек өтетін болады. Бұл кездесуге біздің тарапымыздан Қанат Ислам бастаған боксшылар қатысады. Оларға біз ақ жол ғана тілей аламыз. Ал кешегі «Дәулет» спорт кешенінде өткен бокс кешінде жеңіске жеткен Ақшалов, Байырханов пен Ахмедовке біздің алғысымыз шексіз.