- Қоғамның құрылғанына 12 жыл болды. Осы уақытқа дейін 1700 балаға көмек көрсетілді. Ол 2500 ота мен ем-шаралар қаржыландырылғанын білдіреді. Өйткені кей балалар бірнеше ота жасатады. 2006 жылы әлеуметтік желілер жоқ еді, интернетте форумдар ғана болатын. Сол кезде еріктілер қатарында болып жүргенде осындай үлкен жобаға ұласарын білмедік, - дейді қоғам қайраткері.
- Бүгінгі күнге дейін 3 050 000 000 теңге жиналды. Бұл сома 280 теңгелік хабарламалар, басқа компаниялардың көмегімен жиналды. 300 мың АҚШ долларын Елбасының қайырымдылық қоры бөлді. Бұның барлығы кішкентай қадамдардан басталған болатын.
Жастарға айтарым - өзіңізге ұнайтын іспен айналасыңдар. Сонда ғана әр ісіңіз өзіңізге ғана емес, айналаңызға да пайдалы болып, бақытқа бөлейсіз.
Барлығымыз бір қаланың, бір елдің тұрғындары болғанымыз үшін бір-бірімізге көмектесіп тұруымыз керек, - дейді Аружан Саин.