Аймақтар • 29 Қараша, 2018

Жетісудың көшбасшы жастары анықталды

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, дәстүрлі «Көшбасшы-2018» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады.

Жетісудың көшбасшы жастары анықталды

«Көшбасшы-2018» сыйлығы Жетісу жеріндегі жас буынның арасынан үздіктерді анықтап, әр салада еңбек етіп жүрген жас мамандардың еңбегін бағлау мақсатында ұйымдастырылып келеді.

- Биыл Елбасы Жолдауында жастар мәселесіне ерекше маңыз берілді. Алдағы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Жастарды қолдау, ұрпаққа көңіл бөлу – еліміздің келешегіне жасалған қамқорлық, көрсетілген сенім. Бұл тұрғыдан алғанда біз Елбасы жүктеген міндетті толық жүзеге асырып, жастарға мүмкіндік жасауды міндетіміз деп білеміз. Қазір Алматы облысында 418 мыңнан астам жас ұрпақ өкілі бар. Олардың дені ауылдық өңірде тұрып, еңбек етіп, өз болашағын қалыптастыруда. Жыл сайын өткізілетін «Көшбасшы» байқауы осы аудандарда тұратын 332 мың жаса маманның арасынан үздікті анықтап, болашағына сәт-сапар тілеуді мақсат тұтады. Жеңімпаздары құттықтай отырып, жастарға Отанымыздың болашағы жолында аянбай еңбек етуді, елімізді гүлдендіруге үлес қосуды тілеймін, - деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы Амандық Баталов.

Биылғы байқауға аймақ жастарынан екі жүзе жуық өтінім қабылданып, таңдаудан өткен 19 жас жүлдегер атанды. Байқау жеңімпаздары облыс әкімінің қолынан арнайы статуетка мен 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы