Футбол • 29 Қараша, 2018

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмен сырғыды

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмен сырғыды

Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы (ФИФА) қараша айындағы ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Жариялаған рейтингке сәйкес Қазақстан ұлттық құрамасы өткен аймен салыстырғанда үш сатыға төмендеген.

 Қараша айының қорытындысы бойынша 1159 ұпайы бар Қазақстан құрамасы 120 орынға жайғасты. Ұлттық құрама қараша айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізді. Алғаш елордада Латвия құрамасына қарсы өткен кездесуде 1:1 есебімен тең түссе, сырт алаңда Грузия құрамасынан 1:2 есебімен жеңілген-ді.

Рейтингтегі алғашқы үштікті Бельгия (1724 ұпай), Франция (1726) және Бразилия (1676) құрамалары түйіндеп тұр.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»