Бұл – шахта тарихындағы ең үздік көрсеткіш болып отыр.
– Жыл өткен сайын біздің көрсеткіштеріміз жақсарып келеді. Шахтаның құрылғылары жаңартылуда. Қазір біз заманауи жоғары технологиялы кешендермен, Германияда жаслағанSL300 комбайнымен жұмыс істейміз, –дейді«Саран» шахтасының директоры Денис Дымов.
Сондай-ақ, кеншілердің жоспарында 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін тағы да 100 000 тонна көмір шығару бар.
«Қара алтынның» көптен күткен соңғы тонналарын №1 учаске бастығы Павел Незнамов жетекшілік ететін ұжым өндірді. Бригада жер бетіне дәстүрлі түрде көмір кесегін алып шықты.
Осы оқиға құрметіне шахтада балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мерекелік шара ұйымдастырылып, кеншілер балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.
1955 жылдан бері көмір өндіретін «Саран» шахтасында қазіргі таңда 1400-ден астам адам жұмыс істейді.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы