01 Желтоқсан, 2018

Қостанайда Көші-қон орталығы ашылды

167 реткөрсетілді

Тұңғыш Президент күнгі мерекесі қарсаңындаоблыс орталығындаКөші-қон қызметін бейімдеу орталығы ашылды. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған полицияның сервистік үлгіге көшуі туралы және ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасын орындау мақсатымен жүзеге асты.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялыұқ емес акционерлік қоғамы өңірлік филиалының директоры Қанат Төлепұлы Көші-Қон орталығы негізінен Қазақстан мен шет ел азаматтарына көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату, қолайлы жағдай жасау және қызметті пайланушы мен қызмет көрсетуші арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында құрылғанын атап өтті.

«Жыл басынан бері қостанайлықтарға 650 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 10 проценті электрондық форматта болды.Жаңа ашылған орталықта халықтың көші-қонына байланысты 21 құжат беру бойынша мемлекеттік қызметтің 13 түрі көрсетіледі. Демек, осындай сервистік үлгідегі орталықтар құру мақсаты мемлекеттік қызметті барынша автоматтандыру және мемлекеттік органдар дерекқорын біріктіру болып табылады» дейді Қанат Төлепұлы.

«Тұрғындарға барлық көші-қон қызметі электрондық кезек тәртібімен «Бір терезе» ұстанымы бойынша көрсетіледі. Ол үшін орталықта барлық жағдай бар. Егер бұрын азаматтрарға бір құжат үшін бірнеше мекемелерге бару керек болса, қазір соның барлығын Көші-қон орталығынана алады» деді Облыстық департамент полициясы Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев. Өзбекстан тұрғыны Учкун Каримов Көші-қон орталығы ашылысымен құжатын алғаш алғандардың бірі екен.

«Мен көп уақыттардан бері Қазақстанда жұмыс істеймін. Сондықтан көші-қонға байланысты қызмет түрлерін талай рет алуыма тура келген. Мысалы, шетелдік азаматқа салық төлеу үшін ЖТН алу керек. Бұрын мұндай нөмірді алу үшін бірнеше күнің кететін. Ал қазір ол бір сәтте қолыңда болады. Мұнда терминалдар көмегі бойынша салық та төлей береді екенсің. Бұл кімге де босла өте ыңғайлы» дейді Учкун.

Орталықта мүгедек жандар үшін пандустар, көлік қоятын орындар, медициналық кабинет, «Қазпошта» кассасы, Халық банкінің терминалы бар. Цифрландырудың арқасында жұмыс та, құжат толтыру да жеңілдеді, мөлдірлік өз алдына тағы әңгіме.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар