Президент • 01 Желтоқсан, 2018

Елбасы Саломе Зурабишвилиге құттықтау жеделхатын жолдады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Елбасы Саломе Зурабишвилиге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Саломе Зурабишвилиді Грузия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз – ел азаматтарының Сізге деген сенімі мен қолдауының, сондай-ақ Грузияның жаңа жетістіктері мен елдеріңіздің одан әрі өркендеуіне деген үмітін Сізбен байланыстыруының айқын дәлелі.

Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен түсінушілікке негізделген өзара тиімді ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кәміл сенемін» – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге зор денсаулық, амандық, жауапты қызметіне – табыс, ал достас Грузия халқына – бақ-береке тіледі.