Іс-шараға партия Хатшылары қатысты. Барша қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаған партия Хатшысы Тамара Дүйсенова мерекенің мәні мен маңызы туралы айтып өтті.
– Тәуелсіз Қазақстан халқы осыдан 27 жыл бұрын өзінің тұңғыш президентін сайлап, өз таңдауын жасады. Еліміздің бүгінгі жетістіктеріне қарап сол кезде қазақстандықтардың қателеспегенін аңғару қиын емес. Біз азаттықтың 27 жылында Елбасымыздың саясатының арқасында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Халықаралық аренада да өз орнымызды айқындап, үлкен абырой-беделге ие болдық. Сондықтан Елбасының елге сіңірген еңбегін дәріптейтін бүгінгі мерекенің мәні мен маңызы зор, – деді Тамара Дүйсенова.
Бүгін нұротандық атанғандардың қатарында белгілі журналист, «Қазақ радиолары» ЖШС-на қарасты «Қазақ радиосы» республикалық радиоарнасының директоры Серік Әбдуәлиев те бар. Ол Елбасы күні қарсаңында Президент партиясының мүшесі атануын үлкен қуанышқа балайтынын айтты.
– Қазақта «екі дүниең абат болсын, екі тойың қабат болсын» деген сөз бар. Сол сияқты бүгін мен үшін бірдей қуаныш қатар келіп отыр. Нақты айтсам, елімізді әлемдік биікке көтеріп, көшімізді бастаған Тұңғыш Президентіміздің күнінде осындай үлкен құрметке бөленіп, Елбасымыздың барлық саясатын дәріптеп, сенімді тірегі болып отырған «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанып отырмын. Бұл мен үшін үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Сондықтан алдағы уақытта Елбасы бастамаларының жүзеге асырылуына өз үлесімді қосу үшін аянбай еңбек етемін, – деді Серік Әбдуәлиев.
Сонымен қатар бүгін «Болашақ» бағдарламасының түлегі, қоғам белсендісі, кәсіпкер, «Мирас-2000» ЖШС-ның директоры Дәлел Жүзбаев, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Арнұр Мәденов, PhD докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Эльмира Баженова, «Әлеуметтік даму қоры» қоғамдық қорының директоры, әлеуметтік салада белсенділігімен танылған Аяжан Көжекова, «Қазақстанның 100 жаңа есімі-2017» жобасының жеңімпазы, ақын Ержан Жұмабеков, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-ның басқарушы директоры Ақжол Сауранбаев, «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Иван Леннов, «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің мүшесі, «B Tim Enterprises» ЖШС-ның директоры Алена Ким, «Азия-БИПЭК-Авто» компаниясының Павлодардағы филиалының директоры Айдын Елемесов, «Оңтүстікфильм» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Батырхан Дәуренбеков, ауыл шаруашылығы саласының үздігі, «Агро-Есіл» ЖШС-ның директоры Сергей Домаев, жастарға арналған «ХА-ХА шоу» әзіл-сықақ жобасының резиденті және бас директоры Ақсұлтан Қалиев, «Қазақстанның 100 жаңа есімі-2017» жобасының жеңімпазы, «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бас инженері Батыр Қотыров, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Қазақстанның 100 жаңа есімі-2017» жобасының жеңімпазы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, режиссер, сценарист Айдие Айдарбеков, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова, «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Blind Race Astana-Paris» веломарафонының ұйымдастырушысы Бақтияр Базарбеков, сондай-ақ, белгілі кәсіпкер, «Қағанат» асханалар желісінің негізін қалаушы және иегері Шынар Бүгімбаева «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанды.
Айта кетейік, бұл күні жылдағы дәстүр бойынша Тұңғыш Президент күніне орай еліміздің барлық өңірінде партияға қабылдау рәсімі өткізілді.Соның нәтижесінде 2 мыңнан астам қазақстандыққа партиялық билеттері салтанатты жағдайда тапсырылды.