«Әрине, қиыншылықтар болды, оның барлығы да енді артта қалды. Енді біздің зауыт тек облысымызда ғана емес, көрші өңірлердегі құрылыс мәселелерінің шешімін табуына үлес қосатын болады. Елбасының тапсырмасымен елімізде «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары жүзеге асып жатыр. Демек барлық қалаларда тұрғын үй құрылыстары жедел жүріп жатыр. Қостанай облысында ғана биылдың өзінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады. Маған берілген мәлімет бойынша, зауыт өндіретін 700 мың тонна цементке қазірдің өзінде тапсырыс беріліп қойған. Оның жартысы экспортқа кетеді» деді Архимед Бегежанұлы.
Зауыт жыл аяғына дейін 17 мың тонна тырнақалды өнімін өндіреді. Қазір мұнда 162 адам жұмысқа орналасты. Толық қуатына жеткенде мұнда 307 адам жұмыс істейтін болады. Өндірістің инфрақұрылымына бюджеттен 739,6 миллион теңге жұмсалды. Зауытқа келетін теміржол тұйығы да жыл аяғына дейін бітуі тиіс.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай