Сенатта бірқатар жылдар бойы парламентшілердің балалар үйіне баруы ізгі дәстүрге айналған болатын. Сапар барысында депутаттар тәрбиеленушілермен кездесті және кітапханада, қызықты жұмыстар бөлмесінде, спорт залы мен демалыс бөлмесінде болып, демалыстағы тәрбиеленушілер жағдайымен және бүлдіршіндердің денсаулығын нығайту бағдарламасымен танысты.
Кездесу соңында балаларға кітаптар, ойыншықтар, тәттілер мен теледидар тарту етілді.