Күрес • 04 Желтоқсан, 2018

Екі дүркін «Әлем Барысы» атанды

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен өткен «Әлем Барысы-2018» турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға әлемнің бірқатар елінен келген 33 ба­л­уан қатысса, Қазақстан намысын 5 спортшы қорғады. 

Екі дүркін «Әлем Барысы» атанды

Кіл мықтылар арасынан суырылып шық­қан Қазақстанның екі балуаны – Айбек Нұғымаров пен Ерсұлтан Мұзафаров финалда кездесті. 4 минутқа созылған белдесуде Нұғымаров қарсыласын таза жеңіп, екі дүркін «Әлем  Барысы» атағын иеленді. Жартылай финалдық сайыста Ерсұлтан Мұзафаров Ресей балуаны Роман Бобиковтан басым түссе, Айбек Нұғымаров грузин балуа­ны Гурам Тушишвилиді жеңген еді. 

Ресейлік балуан Роман Бобиков бел­десусіз-ақ «Әлем Барысында» үшінші орын иеленді. Өйткені оның грузиялық қарсыласы Гурам Тушишвили бозкілемге шықпай қойды.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»