Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2018

Оқушыларға Елбасы туралы дәріс оқылды

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оқушыларға Елбасы туралы дәріс оқылды

Тұңғыш Президент күні ме­ре­кесі Шығыс Қазақ­стан­­да әртүрлі шаралармен жоға­ры деңгейде атап өті­лді. Об­лыс орталығындағы ме­ре­ке­лік шаралар легі 28 қара­ша күні аймақ басшысы Даниал Ах­метовтің өңір мек­теп­терінің оқушыларына арнап Елбасы­­ның тәуелсіз Қазақ­стан­ның құры­луы мен дамуын­дағы рөлі туралы оқы­­ған дәрісінен бастал­ды. Об­лыс әкімі Өскемендегі №46 орта мектепте қала мектеп­тері­нің 10-11 сыныптағы 350 оқушысына және онлайн режімде аудан-қалалардағы 1800 оқушыға дәріс оқып, жас буынға Назарбаев фено­мені туралы ойымен бөлісті. «Есімде ерекше сақталғаны – Қытайға сапар. Шекараны делимита­циялау құжаттарына қол қою керек болды. Біздің делегацияны Қытай басшысы Цзян Цзэминь қабылдады. Сол кезде қытайлық көшбасшы­ның айтқаны әлі есімде. Ол: «Қытай елі тарихта ешбір елмен шекарасын шегендеген емес, бұл – біздің ұстан­ған ішкі-сыртқы саясаты­мыз­ға қайшы әрекет. Бірақ мен қалыптасқан дәстүрді бұза отырып, Сіздің жеке басыңызға деген зор құрмет пен ілтипаттың белгісі ретінде екі ел арасындағы шекара­ны белгілейтін осы құжатқа қол қоямын. Қытай тарабы­ның Қазақ­станға қатысты ешқан­дай жер талабы жоқ!» деп келте қайырды. Бұл Қазақ елі үшін үлкен жеңіс болатын! Елба­сының кемеңгерлігі – барлық жауапкершілікті өз мойнына ала білуінде», деді Д.Ахметов.

Сондай-ақ осы күні облыс­та бірқатар әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді және өңір­дегі атымтай азаматтар марапат­талды. 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы