Өнер • 05 Желтоқсан, 2018

«Men qazaqpyn» мегажобасы мəреге жетті 

127 реткөрсетілді

Астанадағы Қазмедиа орталығының киноконцерт залында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Men qazaqpyn» атты халықаралық мегажобаның гала концерті өтті. 

Елбасы Н.Назарбаев өзінің "рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында:  «Салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген болатын. Осындай ұлттың ұлы мұратын арқалаған айтулы жобаның қорытынды концертіне мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин қатысып, «Men qazaqpyn» мегажобасының жеңімпаздарын терме, күй, ән жанрлары бойынша марапаттады.

Сондай-ақ гала-концертте «Men qazaqpyn» жобасының қазылар алқасының мүшелері Ұлжан Байбосынова, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Елшібаева және І - мауысымындағы жеңімпаз Ардақ Елеусіз өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Ақпарат және коммуникациялар министрілігінің қолдауымен «Қазақстан РТРК» АҚ бірлесіп алғаш рет 2017 жылы «Men qazaqpyn» халықаралық телевизиялық мегажобасын жүзеге асырған болатын.  

- Жобаның мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші-термеші, күйшілердің басын бір арнада тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу, атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашаландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау, - дейді арна басшысы Ерлан Қарин.

Сонымен ақтық сынға жолдама алған 9 үміткердің ішінен суырылып шыққан төрт өнерпаз үздік болып танылды. Күнсұлу Түрікпен үздік термеші атанып 1 000 000 теңгені қанжығаласа,Жəнібек Жəмиев күй аталымында жеңімпаз болып, 1 000 000 теңге жүлдеге ие болды. Ал, дəстүрлі əншілерден екі үміткер үздік атанып, қазылар алқасы жүлдені 500 000 теңгеден екеуіне бөліп берді. Сөйтіп,   Алпысбек Оңайбайұлы мен Рауан Əлімбаев дəстүрлі əн аталымы бойынша жеңімпаз болды.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар