06 Желтоқсан, 2018

Түгел түркінің ынтымақтастығы нығая береді

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова түркітілдес мемлекеттердің жастар және спорт министрлерімен кездесті.

Түгел түркінің ынтымақтастығы нығая береді

Кездесуге Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Түр­кия Республикасының Жас­тар және спорт министрі Мехмет Ка­сап­оглу, Түркітілдес мемлекеттер ынты­мақ­тастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағ­дат Әміреев, Әзер­байжан Республи­касының Жас­тар және спорт вице-министрі Ис­маил Исмаилов, Қырғыз Рес­пуб­ликасының Жастар, денешы­нықтыру және спорт істері агент­тігінің директоры Қанат Аман­құлов қатысты.

Кездесу барысында Гүлшара Әбді­қалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Қазақстан – күллі түркі халық­тарының қасиетті «Қара ша­ңы­рағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңір­лердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты» деген сөздеріне тоқ­талды.

«Халықаралық аренада түр­кі ха­лық­тарының татулығы мен бірлігі идеясын нығайту ісін­де Түркітілдес мемлекеттер ынты­мақтастығының кеңесі маңызды орын алады», деді Мемлекеттік хатшы.

Бұл ұйымның қолдауымен жас­тар және спорт саласында іс-шаралар белсенді түрде өткі­зіліп келеді. Баку қаласында 2018 жылғы сәуірде тұңғыш рет түркітілдес елдердің студенттік ойындары, қыркүйекте Шолпаната қаласында Көшпенділердің ІІІ дүниежүзілік ойын­дары өткізілді. Көшпенділердің IV дүниежүзілік ойындарын 2020 жы­лы Түркияда өткізу жоспарлануда.

«Жастар жылы деп жа­рия­ланған алдағы жыл Қазақстан үшін мазмұнды болмақ. Бұл жастарға, олардың мұң-мұқ­тажына, Қа­зақ­станның бола­ша­ғына ерекше көңіл бөлудің көрі­нісі болып саналады», деді Г.Әб­ді­қалықова.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Түркітілдес мемлекеттер ынты­мақ­тастығының кеңесі аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі ны­ғай­ту ісінде қатысушыларға табыс тіледі.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар