Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018

Халықаралық байқауда теміртаулық жас суретші жүлдегер атанды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласының 11 жасар тұрғыны Елизавета Лелькова «ArcelorMittal» трансұлттық компаниясы ұйымдастырған жаңа жылдық ашық хаттар байқауында үшінші жүлдеге ие болды.

Халықаралық байқауда теміртаулық жас суретші  жүлдегер атанды

Конкурсқа қатысу үшін бір ғана Теміртау қаласынан 92 ашық хат сынға түсті. Олардың арасында Елизавета Лелькованың туындысы ең үздік деп танылып, халықаралық байқауға жолдама алған болатын.

Корпоративтік конкурста трансұлттық компанияның әлемнің 21 елінде орналасқан кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары бақ сынасты.
Таяуда байқаудың қорытындысы шығарылып,  Кривой Рог қаласының (Украина) 13 жасар тұрғыны Мария Словактың жеңімпаз атанғаны белгілі болды. Екінші орынды Бремен қаласының (Германия) 12 жастағы суретшісі Беатрис Яшке иеленсе, үшінші жүлде теміртаулық Елизавета Лельковаға бұйырды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Елизаветаның әкесі Теміртаудағы металлургиялық комбинаттың кокс-химия өндірісінде жұмыс істейді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы